Әз-Наурыз жаңару мен жаңғырудың белгісі

Әз-Наурыз жаңару мен жаңғырудың белгісі
жеке
блог

Ұлыстың ұлы күні әз-наурыз .Наурыз мейрамы- жылдың бастауы, жаңа бастамалар мен жаңаруға алып келеді . Бұл мейрам қазақ еліне баяғы ата-бабамыздан қалыптасқан мереке. Наурыз мерекесінің орны әр қазақ баласы үшін ерекше.

Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясына сәйкес, 22 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.

Наурыз халықаралық деңгейдегі мейрам.Бұл мейрамның тойлануы өте ерекше. Қазақстанда наурыз мейрамы үш күн бойы тойланады. Жалпы наурыз мейрамы басқа елдерде көктемнің келуі, жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін қасиетті әрі киелі саналған. Бұл мейрамда халық қазақтың ұлттық киімдерін киіп көше аралаған. Яғни «Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы құтты болсын» -деп жар салған . Көшелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылып ,концерттік шоу бағдарлама көрсетілген. Халық бірін- бірінің үйіне барып, үй аралап Наурызды тойлаған . Соған байланысты әр үйде дастархан жасалып ,наурыз көже міндетті түрде қойылады.

Наурыз мейрамына орай әр үйде наурыз көже дайындалады. Міне бұл мерекенің ерекшелігі де осында. Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оның барлығы бір біріне үйлесіп өте керемет дәмді береді . Наурыз мейрамын әр отбасы үйінде тойлағаннан кейін, міндетті түрде көршілерін аралап шығады . Содан соң кешке таман ойын сауық көріністер қойылады . Ауылдың ақ сақалдары да дәм татып батасын беруде . Қыз келіншектер үйге келген қонақты сыйлап ,төрге шығарып өзінің асын ұсынады . Соныңа қарай ақ сақалдардан бата алып бір марқайып қалады . Ақсақалдардың батасы осы мейрамға орай былай еді: «Ақ мол болсын , ұлыс оң болсын, дастархан кең болсын Наурыз құтты болсын» -деп өздерінің ақ баталарын ұсынады. Міне бұл мейрамның ерекшелігі де осы.

Қорытындылай келсем, мерекелердің төресі,ең көне , ең киелі мереке бұл Наурыз . Ата -бабамыз айтқандай бұл мереке елге ,халыққа жаңа бастамалар мен қуаныш алып келуде. Бұл мереке күн мен түннің теңеліп , Қыдыр атаның келуі. Бұл жылы наурыз мейрамы ораза ға да теңесуде . Әрине бұны біз жақсылыққа жоримыз . Ал енді Наурыз құтты болсын , елімізге құт- береке алып келсін!