Тұманды Альбиондағы тұрақсыз климат

Тұманды Альбиондағы тұрақсыз климат
жеке
блог

Бірі білсе, бірі білмес, бірақ жыл сайын Лондон жерастында жергілікті халық 80 мыңға жуық қолшатыр жоғалтады екен. Құбылмалы ауа-райын ескерсек, бұл ең көп сұранысқа ие аксессуар.

Жауын-шашын мен тұман - Ұлыбританияның ерекшелігі. Мұндағы шамадан тыс ылғалдылық аралды теңізден бұрын мұхиттың қоршап тұруымен байланысты. Сондықтан климатты туристер ғана емес, тұрғындар да болжап біле бермейді.

Көктем мен жаз айлары Англия үшін шырайлы болып келеді. Жылы ауа-райының ақпан айынан басталуы әсем көріністерге еш кедергі келтірмейді. Болашақта қонақ болып барып жатсаңыз, осы айларды таңдағаныңыз жөн.

Ал ылғалдылықты ұнатсаңыз, жаздың екінші жартысына билетіңізді қамдаңыз. Себебі сол кезде жауын-шашын маусымы басталады. Қалыпты түрде бұл ауа-райы қыстың ортасына дейін жалғасады. Қардың түсуі аталмыш елді-мекен үшін мүлдем сиректік деуге де келеді. 

Ұлыбританияның құбылмалы ауа-райының себебі - Атлант мұхитындағы атмосфералық қысымның айырмашылығы. Гольфстрим ағысы қаншалықты жылы болса да, оның берер әсері аз-ақ.

Бір қызығы, шуақты күндер өте аз. Оның басты себебі - тұман емес, күшті бұлттылық.  Лондонның әйгілі тұмандары үйлерді жылыту және зауыттардың жұмысы кезінде түтіннің көп болуынан пайда болды.

Шын мәнінде, бүгінде мұндай ауа-райы ағылшындықтар үшін мәселе емес, керісінше әңгіме үшін таптырмас тақырыпқа айналып отыр.

Фотосурет: Григорий Храмов