Көліктің кереметтігі

Көліктің кереметтігі
жеке
блог

Қазір заманның жетістіктері көп-ақ. Күнде адам ақылына сыймайтын, бірақ адам ойлап тапқан бір құдіретке куә боламыз. Солардың бірі һәм бірегейі көлік. Иә көлік. Барар жерімізге тез апаратын, жетер жерімізге уақытынан бұрын жеткізетін көлік. Заман ағымына қарай көліктіңде түр-түрі бар. Жеңіл көлік, ауыр көлік, қоғамдық көлік тізбектей берсек көп-ақ. Аттарынан шатасып, түрін түстей алмай қалатынымыз бар кейде. Жеке көлігіміз болса екен деп те армандап, сол арманның жолында еңбек етіп, қолымыз жетсе көлікті болып қаламыз. Көлік мінгесін кәдімгідей қонжиып, өзімізді жоғарғы лауазымдағы Шенеуніктей сезінеметініміз тағы бар. Елден ерекшеленіп, жағдайымыз келсе жақ аштыратын номерлергеде тапсырыс беретінімізді тағы қосыңыз. Десекте көлік мінгеннің бәрін құдіретті деуге келмес, Аллахтың алдында көлікті, көліксіз деп бөлінбесіміз анық. Қазіргі кезде көлік айдау құқығын сатыпта, оқыпты алуға болады. Ең бастысы МАЙ-да танысыңыз болса болғаны қалаған уақытыңызда көлік айдау құқығын алып береді, тек жасыңыз сол көлік айдау құқығы бұйыратын жасқа жетсе болғаны. Көше кезіп көлік айдап, бар дауысына бақыртып өлең жіберіп, өздерін құдды бір құдірет етіп көрсететін жастар көп-ақ. Ерсілі-қарсылы көлік айдап елді елең еткізуге құмар келетіні және бар. Бәрін бірдей деуге келмес, көлікке қолы жетпей жүргендерде көп-ақ. Еркек біткеннің басы қосылса бір көлікті мақтап, бір көлікті екінші бір көліктенде ерекше етіп көрсетуге жаны құмар. Көлік алу үшінде отбасын тастап кететіндерде бар, бұл бүгінгінің шындығы. Көлік алып көптен бөлінетіндерді де байқаймыз. Десекте көлік қазіргінің жетістігі екені даусыз. Ал сіздердің алып қосарларыңыз барма?