Қыз мұраты

Қыз мұраты
жеке
блог

Қызы бар үйдің қызығы бар. Ол кішкентайынан үйге бір бөлек аура сыйлайды. Қыз бар үйде қуыршақ, әдемі, ашық түсті киімдер, көңілді әуен көп болады. Ұл мүмкін аса керек шығар, бірақ ең тәттіні қыздан көресің... Әкенің қызым деп мейірленгенi кандай...

Халық даналығы қыз мұраты кету дейді... Бірақ бұл тура мағынасында айтылған өсиет емес... Кету деген: қазаның қамал қылып өзіңді қоршау емес. Ол сенің адалынан, шынайы пейіліңмен жайылған дастарханыннан ұсынған бір кесе шайына разы болу. Жалпы қыз мұраты - ас бөлме емес. Бұл жалпы түсінік үшін мысал... Әңгіме басқада...

"Мұрат" сөзінің мағынасына оралайық... Мұратыңа жет дейді. Бұл дегенің қалауыңа, арманыңа, аңсарыңа жет дегені... Ендеше нені қалайды? (Сенi білмеймін өзімдікін айтайын)

Бейбіт аспан. Тәртіпті қоғам. Өйткені көшеде жалғыз жүрсе үрейленетін ең бiрiншi қыз! Мен әр бұрышы қауіпсіз мекенді армандаймын.

Сауатты, мәдениетті халық. Бiлгенiнен бiлмейтiнi бiр төбелердің тасынғанын көргенде iшiм ашиды. Кiсiнi сыйлау ұлтына, ақшасына, лауазымына емес "мәдени биігіне, сай, тарихын, ұлтын, жерін, халқын, басшысын сүйетіндердің қатары көбейсе...

Еркiндiк. Ой. Сана. Таңдау. Талғам. Таным. Ақша. Бәрінде еркін болған қандай керемет. Ешкандай шекараға сыйып кетуге тырыспайсың. Бәрі өз калауыңмен: ойлағаныңды айтып, қалағаныңды алып, таңдағанынды тұтынасың. Және еркіндіктің ең кеңдігі "қалауларым қаржыға тірелмесе, екен... ақшадан биік өмiрсалтын қалаймын.

Ақ болу. Алла алдында. Ата-баба алдында. Ата-ана алдында. Заң алдында. Келер ұрпақ алдында. Ешкімнің ақысына өтпей ғұмыр кешу.

Жалпы жоғарыда аталғанның бәрі жынысқа қарай бөлінбейтін армандар. Мұратымыз бiрдей. Көрдіңдер Me?         

Тек қыз мұраты кетудің мәні: құтты орнына қонып, өзінің болмысына сай ортаға енуі. Қыз күнінде журiп өткен жолы шыңырауға емес шыңға жетелейтiн бағытты таңдауы. Өзін қалыптастырған деңгейін 100 деп қарасақ, соған теңдей лайықты 100-дігіне жолығауы.

Мұратың жүздік болса, ондықты таңдауға міндетті емессің, бірліктер туралы тіпті жақ ашпаймын.      Мен самаурыннан шай құйып, қазанына ырымдап алдынмен жеті нанын, сосын қуырдағын пісіретін, ақ дастарханынан құты үзілмейтін жердің оқтауынан кашпаймын... тарылмаймын.

Мен дегенiм "сен" бе?