Жұмыссыз жастарға деген қолдау

Жұмыссыз жастарға деген қолдау
жеке
блог

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде отандастарымыз, соның ішінде ел жастары үшін аса маңызды мәселелерге тоқталды. Президент, әсіресе, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін, білімі жоқ жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесін алға тартты. Мемлекет басшысының айтуынша, кездейсоқ нәпақамен күн көріп жүрген жұмыссыз жастар табыс іздеп жүріп заңнан аттауы да мүмкін. Расымен де, бұл жағдай осы күннің өзекті мәселесіне айналды. Президент мұны бекерден-бекер айтып отырған жоқ. Ең бастысы, Мемлекет басшысы жастар мәселесін ұдайы назарда ұстап келеді. Өскелең ұрпаққа қатысты маңызды мәселелерді күн тәртібіне көтеріп, қалыптасқан жағдайды бүкпесіз, ашық айтады. Құр айтып қана қоймай, пайда болған мәселенің шешу жолдарын да ұсынады. Мәселен, Президент Мәжілістің пленарлық отырысында Үкіметке «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларының аясын кеңейтіп, бұл бағдарламаларға қатысудың мерзімін созуды, жастардың жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл қадам ең алдымен жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюға серпін беретіні белгілі. Сондықтан Президенттің бұл ұсынысын қолдаймын. Аса дұрыс әрі маңызды бастама. Себебі мұндай мемлекеттік бағдарламалар еңбек жолын енді-енді бастаған жастарға қомақты қолдау болады.

Алдағы дара даңғылдың, жемісті жұмыстың іргетасы іспетті мұндай бағдарламалар. Сондықтан мұндай жобалардың қолжетімділігін, жастарға беретін мүмкіндігін шектемеген жөн. Жас түлек еңбек жолын қалай бастаса, оның болашақтағы жемісі мен жеңісі соған байланысты болады. Яғни Мемлекет басшысы біле білген адамға маңызды шешім жасап отыр. Алайда мұндай бағдарламалардың бар-жоғы туралы барлық жас азамат біле бермеуі мүмкін. Сондықтан жас буын бұл бағдарламаға қатысып, өз мүмкіндігін сынаудан тартынбауы тиіс.Мәселен, «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына қатысқан көптеген жас ұрпақ тәжірибе жинап, тұрақты жұмысқа орналасып жатыр. Яғни бағдарлама өз тиімділігін дәлелдей алды деуге толық негіз бар. Міне сондықтан, Президент бұл бағдарламалардың аясын кеңейтуді тапсырып отыр. Мемлекет басшысы Үкіметке іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Сол жоспардыңнәтижесінде қосымша шаралар да қабылданатыны анық.

Әрине жастардың жұмыссыздығына себепте жеткілікті. Ең әуелі елімізде жастарды толыққанды дайындайтын жоғарғы оқу орындарының сапасы төмен болуында десек, екіншіден қазіргі заман талабына сай нарықтық кезеңге даярланбауында. Оған қоса жастар қазіргі заман талабына сай ма яғни үш тілге жетік жетілген бе? Әрине бұндай жастардың жұмыссыздығына себеп салдарлар тайға таңба басқандай айқын көрініс тауып тұр. Бұл пікірге ешкім шүбә келтіре алмас яғни «диплом бар, жұмыс жоқ». Жастардан сұрар болсақ осы жауапты алатыныңызға күмән жоқ. Оқуын аяқтаған еш тәжірбиесі жоқ жас маманды ешқандай жұмыс орын құшақ жая қарсы алмасы анық. Олардың сұрайтыны тәжірбие ал, тәжірбиесіз жұмысқа тұрсаң жалақы мардымсыз.
 Міне осындай мәселелермен жастар бетпе-бет келетіні анық. Негізі бұл жұмыссыздықтың түп тамыры дұрыс мамандық таңдамағандықтан себебі қазір көпшілігі сұранысқа ие мамандықтан гөрі сәнге айналған мамандықты таңдайды. Оған қоса бала емес ата-ананың таңдауыда әсер етеді. Қазіргі таңда көпшілігі заңгер, программист, мұнай салаларын таңдайды. Ал елімізде ауыл шаруашылығы, техникалық салалар мен медицинада мамандар тапшы екені белгілі. Жоғары оқу орнын бітірген жас маман өз уақытында тиесілі сабағын оқымай төрт-бес жыл ұйқымен өткізіп, оқу бітірген соң бей жайлық танытып жұмыс іздесе білімі жетпей сан соғып, жұмысқа орналастыратын таныс тамыр іздеп бір мекемеде бір жұмыс орнында отыратыны жасырын емес ал танысы жоқ тиісінше білімді жас маман шетте қалатыныда бәрімізге белгілі. Иә қоғамда осындай жұмыссыздық жырын қозғасақ сан түрлі шиеленіскен сіз бен бізге беймәлім мәселелерді көреміз. Дей тұрғанмен елімізде мүмкіндіктерде аз емес. Дипломмен ауылға, жұмыспен қамту деген сияқты көптеген бадарламалар өз жұмысын жасап осы олқылықтың орнын толтыруда. Соның бірі Zhas projest деген сияқты бағдарлама. Сайып келгенде болашақ жастардыкі. Ал ниеті мен күш қайраты бойында бар адамның екі қолына бір күрек табылары хақ. Сондықтан кінәні өзгеден емес өзімізден қарап талмай оқып, еңбек етсек мына заманда жасаймын деген жанға жұмыс деген жетерлік екенін естен шығармайық. 

Қорыта айтқанда, жастарды жұмыспен қамту мәселесін бір емес, бірқатар ведомство қолға алып келеді. «Жастар ресурстық орталықтары» да жемісті жұмыс істеп жатыр. Өңірлердегі осы орталықтар жастарды жұмыспен қамту үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Жастарға түрлі ақыл-кеңес береді. Түрлі жобаларға грант бөледі. Жеке кәсібін бастағысы келген жастарды оқытады. Яғни бұл бағытта бұрыннан бері жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Жалпы, бұған дейінгі жылдарда жастар саясатына қатысты жүйелі іс-тәжірибесі қалыптасқан. Соның нәтижесінде кейінгі бес жылда еліміздегі жұмыссыз жастардың деңгейі 4,1%-дан 3,8%-ға дейін төмендеді. Ендігі мақсат – оның аясын кеңейту.