Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қазақ жігіттері неге тек күзетші болып жүр???

Қазақ жігіттері неге тек күзетші болып жүр???

Қазақ жігіттері неге тек күзетші болып жүр???

Қазіргі жастарда байқағаным, бір жаңсақ пікір бар: оқымаса да адам болуға болады деген. Бұл менің ойымша, аға буын өкілдеріміздегі псевдо-бизнесмендердің пайда болуына байланысты. «Бұрында екіге екіні қоса алмай жүретін еді, қазір кердиіп адам танымай қалыпты» деген тіркестерді солармен жасты аға буындардан жиі естиміз. Бұны көріп өскен бала не ойлайды? «Аха, бай болу үшін терлеп-тепшіп оқудың да қажеті жоқ екен ғой. Бағым жанса, танысым болса болды» дейді.

Әлбетте, бағы жанатындар да баршылық. Бірақ, мен оны бақ деп айта алмас едім. Бұл түптеп келгенде адамның қабілетіне байланысты сияқты, яғни жеке қасиеттеріне, пысықтық, зеректік, не болмаса ата-анасының бастапқы бизнес ашуға жарнасының арқасы. Бизнес дегенде де, көбіне сол базар: бір жерден арзан бағаға сатып алып, екінші жерге үстіне баға қосып сату. Оған не бас керек? Экономикалық сараптау, биржамен ойнау, инвестиция болса басқа әңгіме. Міне, бизнес, міне, бас саған.  

Айналаға қарайықшы, қаншама білімсіз жастар жүр. Орысша түгіл, қазақша екі сөздің басын қоса алмайды. «Мой Мир» желісін ашып қалсаңыз, микроблогта өріп жүрген қателерді көресіз. Күзетші болып жүрген қазақ жастары, ұялы телефон сататын қазақ жастары, стройкада жүрген қазақ жастары. Осылардың барлығы сондай білімді болса бұл салада не істеп жүр? Алайда бір тірліктер жасап, баюды да ойлайды екен бұлар. Іске – сәт дейміз.

Менің ойымша, әсіресе жігіттерге, 35 жасқа дейін өз саласын тауып, ақша табудың көзіне ашып үлгерсе үлгерді, үлгермесе «қолды мезгілінен кеш сермейтін» уақытқа тап болады. Одан кейін сол уақытқа дейін жасап үлгерген ұрпағының аузына қараумен өмірі өтеді. Әлбетте егер саналы ұрпақ тәрбиелей алса.

Сосын, «Қызға оқу не керек? Қосу мен көбейтуді білсе болды ғой» дейтіндерге таң қаламын. Әрине, қыз баланың басты міндеті күйеуге шығып, ұрпақ тәрбиелеу. Бірақ, екіге екіні қосып, ары қарай санау білмейтін әйел ұрпағына не үйрете алады?

Оқу дегенде де, тупо диплом ала салу, сатып алу дегенді білдірмейді. Кәдімгідей кітаптың бетін ашып оқу, есеп шығару, білімді болуға талпыну, іздену. Тіпті бағың жанып шіріген бай болып жатсаң да, тым құрымағанда ой-өрісіңнің кеңеюіне қажеті жарайды.

Сонау он тоғызыншы ғасырда өмір сүріп, бар тіршіліктің мән-мағынасын, білімді жете түсінген Абайдан асқан ұлы бар ма? Әрбір жас Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп жаттаған өлеңдерін жақсы түсініп оқыса игі еді.

 

2674 51
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 17 қыркүйек 2012, 16:43
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2012, 16:59

Жақсы ой айтыпсыз. Осындай нәрселер жазып тұрсаңызшы.

+0
17 қыркүйек 2012, 17:05

Бұл менің мақалам ғой!

+0
17 қыркүйек 2012, 17:36

бүгін Анарканың айтқандарын оқитын күн екен ғой))

+0
17 қыркүйек 2012, 17:08

Міне, сілтемесі: http://www.on.kz/u19421/blogpost/32994/

+0
17 қыркүйек 2012, 17:46

Қайта қуанбайсың ба? Интернеттің айдаласында шіріп жатқан бір мақалаға ЖАН бітіргеніме! :mrgreen:

+0
17 қыркүйек 2012, 17:11

:lol: :lol: Анарканың материалын ұрладым дейсің

+0
17 қыркүйек 2012, 17:54

Ұрладым демедім го! Осындай бір мақала жазайын деведім, шыны керек еріндім. Сосын интернетті ақтарып едім, бір ешкім оқымай тұрған мақаланы көрдім, сосын соған ЖАН бітірдім. Керісінше автор маған ЫРАҚМЕТ десін! :lol:

+0
17 қыркүйек 2012, 17:24

Әй, ауылдың баласы, мұныңыз не?! Рұқсат алу қайда?!

+0
17 қыркүйек 2012, 17:50

Әй, ауылдың баласы деп, ауылда қашып жүргенімде ұстап алып па едің? Біз қазір белоручкамыз го, қалаға келіп адам болып, ҚАЛАЛЫҚ болып жүрген жайымыз бар! :)

+0
17 қыркүйек 2012, 17:32

неге өз авторын жазбағансыз? бұлай көшіре салуға болмайдығо :!:

+0
17 қыркүйек 2012, 17:34

дегенмен,өзекті мәселенің бірі екені рас!

+0
17 қыркүйек 2012, 18:00

Нағыз Адайларға арналған! Мұнайымыз бар, бізге жетеді деп отыра береді ол жақтың қыздары. Әке-шешелері әрқайсысына бір джип мінгізіп қояды. Содан не керек олар оқуды ұмытады. Жігіттермен қыдырудан басқа ештеңе білмейді. Осы мақаланы оқып олар енді сабақ оқып, кем дегенде оқуды, жазуды үйренсін. Сауатын ашсын! :geek:

+0
17 қыркүйек 2012, 18:04

Егер Адайлардың барлығы сауатсыз,әке-шешесінің ақшасына тойынып жүр деп ойласаңыз,қателесесіз! Алдымен Адайлардың қалай өмір сүретінін көріп,біліп алыңыз! АҚЫЛЫҢЫЗДЫ СОСЫН АЙТАРСЫЗ" :twisted:

+0
18 қыркүйек 2012, 09:32

Неге осы адамдар АДАЙМЫЗ деп мақтанады, бөлінеді? Ей, біз қаны бір ҚАЗАҚ халқы емеспіз бе? Бөлінудің не қажеті бар? Әлде мұнайлы өңірде туылғандарыңа солай мақтанасыңдарма? Сол мұнайды біріншіден өздеріңіз өндіріп үйреніңіздер, сосын барып мақтанғайсыздар. Мұнайды ШЕТЕЛГЕ сатып тастап, өздерін адаймыз деп көкірек көтерудің қажеті жоқ деп ойлаймын. :geek:

+0
18 қыркүйек 2012, 13:44

Егер алдынгы жазган создерiнiздi окысаныз,Адай деп алдымен болiп жарган сiз болатынсыз! Мен Адаймын,Кудаймын деп ештене айткан жокпын. Бул сайтка мактану ушiн кiрген емеспiн. Осы болiп жарганды токтату ушiн,Адайларда адам жегiш емес,тек кызукандылыгы болмаса,оларда карапайым омiр суретiнiн,карапайым жандар екенiн корсету ушiн кiрген едiм.

+0
18 қыркүйек 2012, 15:29

Адайдың баласы болма - АДАМНЫҢ баласы БОЛ!!! :geek:

+0
17 қыркүйек 2012, 18:29

Қазір ақша билік құрған заман! Ақшан болса кез-келген жерге білім болсын,болмасын кіріп кете алады. Ал,қолында диплом барлары жүреді қаңғып,жұмыс таба алмай. Егер,біле білсеңіз 16желтоқсандағы оқиға сол ақшаға құныққан адамдарды жоюдыңда бір тасқыны еді. ЖОО бітірген өз қазақ балаларын емес,шетелдің азаматтарын жұмысқа алып,Адайларды надан қылып көрсеткен өзге емес,өз қандастарымыз,ақшаға құныққан биліктегі кейбір көкелеріміз. Адайларды сауатсыз,әке-шешесінің ақшасына қалай болса солай өмір сүреді деп ойламаңыз! Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді,бір адамды көріп бәріне жала жабудың қажеті жоқ! Ол жерде неше жылдан бері жасап,өз еңбектерімен тер төгіп жүрген қаншама аға,әкелеріміз бар. Солардың еңбегінің арқасында алынған мұнайдың пайдасын сізде көріп жүрсіз! Егер мұнай тазартудан сауаты болмағанда,мұнайды әлдеқашан жоқ қылып жіберер еді. Адайлар,надан деп бетке басқанша алдымен Жаңаөзен қаласына келіп,сол жерде өмір сүріп көріңіз!

+0
18 қыркүйек 2012, 09:13

Біз Алматы өңірі ол мұнайдан бір тиында көріп тұрған жоқпыз! Құдайға шүкір бұл өңірде 2 миллионға жуық адам тұрады, экономикасы мықты, адамдары бәсекеге қабілетті, Алматы өңірі бюджеттің үштен бір бөлігін қамтып отыр. Бұл дегеніңіз Алматы өңірі самаостоятельный аумақ деген сөз. Ал адайлықтар мұнайға МАСЫЛ болып отыр. Ондай ойдан арылу керек деп ойлаймын!

+0
18 қыркүйек 2012, 14:02

Ия,шетелге сатылып жатыр. Мунай ондiру озiмiзде жок емес,бар! Оны бурынырак оз мунайшыларымыз колга алмак болган. Онын барiн куртып,орындамай откан жогаргы жак. Барлыгын алдын ала сатып жiберген. Оны мунайшылардан сурап отырады дейсiзбе? Жок! Мунайшыларды адам курлы кормейдi,сiз сияктылар ар нарсенiн байыбына жетпей,бiреу не десе,соган сенiп журе бередi. Коз алдынызда болып жаткан шындыкка емес,лакап созге сенесiз. Ар отбасынын оз тартiбi,ережесi болса,ар каланында сол сиякты даму жуйесi,саясаты болады. Сiз Мангыстау олкесiнiн саясатын бiлмейсiз,жайнаган каланызда журiп озiнiзше тон пiшесiз! Ал бiз мунда оз кайгы мунымызбен омiр сурiп жатырмыз. Аттен,тоннын келтесi-ай! Аттен,тiлдiн кыскалыгы-ай! Бар шындыкты жаза алатын алiде "тауелсiз,азат" сайт жок! Жазсан,кудалауга ушырайсын! Уакыт-емшi. Алдагы уакытта,аман болсак,шындык ашылады! Сонда корермiз! Адай деп болiп жарган,надан деп айып таккан Казах халкынын кандай екенiн коресiз!

+0
18 қыркүйек 2012, 15:25

Сен АДАЙмын деп ерекшеленбеуге тырыс, АДАЙ демей МЫНБАЕВА деп өз аты-жөніңді н/се басқаша ғылып қой! Не дегенменде сеннен бөліну фактісі анық БАЙҚАЛАДЫ. Ал, мұнайшылар жайлы қателесіппін, КЕШІРІМ ӨТІНЕМІН! :geek:

+0
17 қыркүйек 2012, 18:55

Өзгеге ақыл айтып көлгірсисіз,өзіңіз сонша сауатты,ақылды болсаңыз неге өз ойыңызбен жазбайсыз мақаланы? көшірудің шеберісіз! Әлде жазуға өз ақыл ойыңыз жетпедіме,ойыңыз таязба? Осы сөздеріңізді жазып жатқаныңызда,мен қасыңызда бола қалсам,әлдеқашан мұрныңызды бет қылып,Адайларды тағыда аузыңызға ала алмайтындай қылар ем. Байқап сөйлеңіз!

+0
18 қыркүйек 2012, 09:18

Осы адайларды түсінбеймін? Өздерінше намысқой, өздерін ғана мақтайды. "Адаймыз танымасан Құдаймыз дейді", Аллах сақтасын!!!. Сосын осы мұнайдан түскен ақшаның бәрін Алматы мен Астана көріп отыр деп сауатсыз пікірлер айтады. Шын мәнінде ол мұнайдың ақшасын АКШ, КЫТАЙ, яғни АЛПАУЫТ елдер көріп отыр. Кайдағы Алматы? Бұл қала өз-өзін мұнайсыз-ақ қамтамасыз ете алатын, өзіндік бюджеті бар қала.

+0
18 қыркүйек 2012, 15:41

Қандай қызу қанды мінезі жаман мына қыздың? :roll: Менің мұрнымды бет қыламын дейді :lol:

+0
17 қыркүйек 2012, 20:52

мунай халыктики! сеники, меники, олардики - баримизге ортак! джип минип журген адайкалар 10 пайыздан аспайды. жыртык тесикке кулуин кашан кояр екен осы!!! ауылдын мурынбок баласы, абай болгайсын созине...айтпесе омакасып куларсын!!!

+0
18 қыркүйек 2012, 09:25

Міне, тағы да бір патриотсымақ. Осындай патриот босаңдар неге алі күнге шейін мұнайды өздерің өндірмейсіңдер? Шетелдерге беріп қойып, сосын өздерің соларға жұмыс істейсіңдер! Мұнай қайдағы халықтікі? Мұнайды әлдеқашан адайлар шетелге сатып жіберген. Бұл сол жердегі парқорлардың ісі. Так что мұнай халықтікі деп, өз-өзіңізді алдамаңыз! Ханым!!! :geek:

+0
18 қыркүйек 2012, 11:27

сырттан тон пішіп айта салу оңай екенін білем!!! мұнайдан, оның айналасында болып жатқан саясаттан хабарым жоқ, әрине!!! дегенмен, адай қыздары жөніндегі жаңсақ пікіріңізді желге айтыңыз немесе қалтаңызға салып қойыңыз!!!!

+0
18 қыркүйек 2012, 12:07

Ой бір АДАЙ, АДАЙ қыздары деп қоймадың го! Адай қыздары соншама АЛТЫН ба еді? Олай бөлінбесеңші, біз бәріміз ҚАЗАҚПЫЗ гой! Бес саусақ бірдей емес, егер сен жақсы болсан, небір жаман АДАЙ қыздары да бар! Сол сияқты бір жақты қарамаңыз! :geek:

+0
18 қыркүйек 2012, 14:16

Мунайды саткан Адайлар емес! Адайлар оларды саткызбау ушiн жан пида болды емеспе! 16желтоксанда мунайшылар тек кана оз енбегiн талап еткен жок,намысында коргады! Ия,намысын! Бiз намысшыл халыкпыз! Астанада отырган адамдар мунайды Кытайга сатып жiбергенде,канша жылдан берi жасап келе жаткан тажiрибелi адамдарды осы кытайлар жумыстан шыгарып жiберiп,орнына 18-25жас арасындагы жас кыздарды жумыска аламыз деген хабарлама жазган. Тажiрбиесi жок жас кыздарды шакырудын максаты жумыс жасату емес,максаттары баска. Аке,агаларымыз сол ушiнде балаларын жумыска жiбермей,намысын,Казах деген канын коргады.

+0
18 қыркүйек 2012, 14:26

Қымбатты Адай кыз Шогы мен Ауылбайский Жігіт! Біздің порталда саяси мәселелер талқыланбайтынын ескертеміз.

+0
18 қыркүйек 2012, 14:37

Кешiрiм сураймын! Iстiн байыбына бармай,анык каныгын толык бiлмей,боска жала жауып,жазгырганына шыдамым жетпедi. Саясат туралы жазып,ереженi буздым,бiр кателiк кеттi. Ашу устiнде жазылды барi. Улы адамдарда кателiк жiбередiго. Келесiде,мундай кателiктер кайталанбайды. Бiрак,Казах халкын болiп жарып,"Адай,надан"деп барлык кандастардын атына топырак шашкан,1шi болып ереженi бузган,тiл тигiзген Ауылбайский жiгiтке бiр жаза колдануынызды отiнем!

+0
18 қыркүйек 2012, 15:46

Мен негізі НАДАН деген жоқ едім! Қазақ қыздарының бәрі жақсы, бірақ АДАЙ деп бөлінбеңіз дедім! Атыңызды өзгертіңіз! Болды кешірім өтінемін! :geek:

+0
18 қыркүйек 2012, 14:35

Адайкааа, сабыр сақта сәл )) Ауылбайскийдің не болса, соны айта беретінін білесің ғой ;) Ауылбайсикий "арам" екен ))) Сені ызаландырып алып, өзі тасада бұғып бақылап қана отыр ) Бұндайларға сөзімнің шығыныыы деу керек қой ))

+0
18 қыркүйек 2012, 15:16

Мені арам дегенің не? Осы ма сендердің мәдениеттілік қасиеттерің? :roll:

+0
18 қыркүйек 2012, 15:28

болған жағдайға пікірімді білдіріп жатырмын ;)

+0
18 қыркүйек 2012, 15:34

Сонда мен ойдан шығарып, өтірік нәрселер айтып отырмын ба? :roll: Бар шындықты айттым ғой! Әлде шындықты естігіңіз келмей ме? Сонда шындықты айтқан адамдардың бәрі "АРАМ" ба? :(

+0
18 қыркүйек 2012, 15:27

Бұл жағын білмеппін, БҰЛ факт болса, неге бұқаралық ақпарат құралдарынан көрсетпеген? :roll: Әлде цензура ма? Егер бұл шындық болса КЕШІРЕРСІЗ, мұндай болғанын естімеппін! :geek:

+0
18 қыркүйек 2012, 15:30

ай, сабаз, жарайсыз, қателігін мойындап кешірім сұрап жатыр ))

+0
18 қыркүйек 2012, 15:47

Уакыты келгенде коресiз! Букаралык акпараттарда бул жарияланбады! Ал аты жонiмдi озгерткiм келмейдi,бул мактаныш немесе болiну емес,шыным! Айттымгой,Адай кыздарынын сiз ойлагандай емес екенiн корсету! "Мактанып"калайын,мен Казах екенiмдi мактан етем,тегiмдiде! Оз ултымызды мактаныш еткенде турган абестiк жок! Ендi осымен догарайык! Соз таластыра берменiз! Ер жiгiт болсаныз,кыз балаларды жамандай берудi койыныз! Ар нарсенiн шегi бар!

+0
17 қыркүйек 2012, 17:38

:lol: :lol: :lol: ұрлықшы

+0
17 қыркүйек 2012, 17:48

Мен емес ұрлықшы, менің қолым го! :mrgreen:

+0
17 қыркүйек 2012, 17:43

Бәрің жабылдыңдар ғой түге, ауылдан қара домалақ баласын жасытып, әбден ауылда көрші үйдің тезегін ұрлап үйреніп қалған қайтсін енді)))))))))

+0
17 қыркүйек 2012, 17:44

Мәәәәәәә! Ауылдың жігіттерін ұнатпайтындарың көрініп тұр! :twisted: Әбден городская болып кетіпсіңдер! :roll:

+0
17 қыркүйек 2012, 17:45

:lol: :lol: :lol:

+0
17 қыркүйек 2012, 17:53

Соншалықты ақыл айтып жүріп, осылай істейді деп ойламаппын

+0
17 қыркүйек 2012, 17:56

Әй қыз! Сендерді қайтер екен десем, чета серьезно соттаватсындар го мені. Мен тек бұл мақаланың екінші демін аштым! Авторға айт сол үшін маған ЫРАҚМЕТ десін! :mrgreen:

+0
17 қыркүйек 2012, 18:06

әлемдік тәжірибеде кең қолданылатын, қазақ өнерпаздарының арасында қолдау тауып келе жатқан - СКАНДАЛ атты "қара пиарды" жақсы меңгерген, ауылдың өзіміз секілді қарапайым қара торы келген жігіті болдың ғой сен... Ияя, іске сәт. Тек атың шықпай қалғаны үшін өртеген шөбіңнің ақысын қалай да төлеп беруің керектігін жадыңнан шығарып алмағайсың, бауырым ;)

+0
17 қыркүйек 2012, 19:24

:D базар жоқ

+0
18 қыркүйек 2012, 09:45

Жарайды, автордың құрметіне АНАРКАНЫ бір шәугім шәйға шақырамын, солай айтып жіберіңдер! :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев