Теңіздің түбінен гауһар табылады, кітаптің түбінен білім алынады

Теңіздің түбінен гауһар табылады, кітаптің түбінен білім алынады
жеке
блог

«Қазіргі жастар кітап оқымайды!»-бұл біздің қазіргі жас буын кітапқа қызықпайды деп үлкендердің шорт кесіп айтатын,ал жастардың жиі еститін сөз тіркесі.Алайда зерттеушілердің пікірін сұрау басқаша нәтижелермен таңқалдырды.Жалпы,қазақстандықтар тұтастай кітаптарды қағаз түрінде де, электронды нұсқада да белсенді оқи бастаған. Мұны кітапханашылар да, кітап дүкендерінің қызметкерлері де растайды.«Жұмыс күндері кешке және демалыс күндері кітап сатып алушылар өте көп, көбіне жастар мен балалар бізге ересектердің ертуімен келеді. Олар әсіресе фэнтези,бестселлерлік және детективтік бағыттағы кітаптарды таңдайды. Сонымен қатар, жақында біздің оқырмандарымыз қазақ әдебиетіне біршама жақын бола бастады.Қуаныш Шонбайдың «Q п Я» атты жаңа кітабы тиражға түскенде бірден сатып алынды, - дейді кітап дүкендерінің сатушыларының бірі.

Сарапшылардың пікірінше, жастардың оқуға деген көзқарасы жағымды бағытта өзгеруде, өйткені бүгінгі таңда олардың рухани әлемін байытудың түрлі жолдары мен шарттары бар. Бұған гаджеттердің соңғы үлгілері де ықпал етеді. Ғаламтордан кез-келген кітапты онлайн түрде жүктеп алып,өзіне ыңғайлы жер мен уақытта ашып оқуға мүмкіндігі бар. Үлкен кемшілігі - мониторды үнемі қараған кезде көру қабілетіміз нашарлайды. Міне,байқағандарыңыздай жоғарыда атап өткен электронды кітаптардың жағымсыз жақтары да болады,сондай-ақ кітапты өз қолыңа алып,бар ынтаңмен оқығанға не жетсін?!. Қағаз кітаптың ерекше дизайны бар - мұқаба, шрифт, иллюстрациялар. Сонымен қатар, сіз өзіңіз қалаған жолды түртіп алып,маңызды және қажетті нәрселерді атап көрсете аласыз. Кітапқа толы шкафты қараудың өзі үлкен қуаныш деп санаймын.

 


Жалпы, қазіргі жастар қандай кітаптарға  көз жүгіртуді жөн көреді?

«Гарри Поттер», «Ымырт», «Көріскенше», «Алхимик», «Шантарам», «Тақтар ойыны». Әрбір студенттің және оқушының дербес кітапханасынан табылған танымал кітаптар.Аталған кітаптар шыққаннан бері ең көп сатылған кітаптардың қатарына кіреді. Мәселен, «Гарри Поттер және қарғыс атқан бала» кітабының соңғы сериясы интернетті ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі кітап сөрелерін сөзбе-сөз «жарып жіберді». Бұл кітап 2016 жылғы бестселлерлер тізімінің көшбасшысы болды. Поттерян ең танымал кітап серияларының бірі болып қала береді. Ағылшын жазушысы Джоджо Мойестің кітаптары сапалы жарнамалық трюктері мен фильмге бейімделуімен ғана емес, ерекше романтикалық рухымен де танымал болып келеді және оның шығармалары қазақстандық оқырмандардың жүрегінен құрметті орын алды.

 


Қорытындылай келе, мен өскелең ұрпақты барынша кітап оқуға шақырғым келеді.Себебі қарапайым кітап оқу адамның жан дүниесін 180°-қа өзгертіп жібере алады,себебі кейбір оқылған әңгімелер өмір бойы есте сақталып, тіпті тағдырға әсер етеді. Кітаптар, адал дос сияқты, өз тәжірибелерімен бөліседі және қызықты сұрақтарға жауап береді. Олар сіздің қандай адам екеніңізді, қандай мінез ерекшеліктеріңіз бар екенін түсінуге көмектеседі.Тіпті,белгілі бір адамнан қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыз деп сұрау арқылы,сол адамның ішкі әлемі туралы көп нәрсе білуге болады.

Сондай-ақ менің байқауымша,қазіргі таңда көптеген жандар өміріндегі аса құнды дүниені-уақытын рахат пен көңіл көтеруге жұмсайтын болған, содан кейін олардың өмірде жасағанынан гөрі,жасайтыны көп болатынына таң қалудың қажеті жоқ.Бүйтіп уақытыңызды ысырап еткенше, ұлы адамдардың кітаптарындағы идеялардың оң әсеріне бой алдырған дұрыс па деген ой туындайды.