Естен адастырған өнер

  Мыңдаған ұлы туындылардың артында қандай күш мен бейнеттің жатқанын өткен дәуірдің мүсіншілерінің жұмысынан айқын көруге болады. Ауыр жазылмас дертке ұшырап, бірақ сол дерттің нәтижесінде бүкіл халықты таңғалдырарлық туынды жасау әр мүсіншінің қолынан келе бермесі анық. Өнер адамдары рухани келіспеушіліктер мен бостандықтың шектеулеріне қарамастан, әлемге керемет туындыларды қалай бере алды? Осы жерде өмірдің қиын сынақтарына, ауыр дерттіне қарамастан өз өнерін шыңдап, дәлелдеп, бүкіл дүниежүзіне паш еткен Франц Ксавер Мессершмидттің өмір жолы туралы сөз қозғайтын боламыз.

Франц Ксавер Мессершмидт

  Австриялық мүсінші Франц Ксавер Мессершмидт (1736-1783) XVIII ғасырдың гротеск пен карикатураның аса көрнекті шебері болды. Франц Ксавер Мессершмидт өзінің шығармашылығының ең бастапқы кезеңдерінде классицизмді ұстанушылардың бірі болып, бірақ адам сендірерлік «бастар» бюсттерін жасаудың арқасында танымал болды. Кейіпкерлерінің беттері неше түрлі гримасалармен бұрмаланып, адамның эмоциялары ашық бейнеленді.

  Тірі кезінде замандастастары мүсіншіні экстравагантты есінен алжасқан қиял адам деп, туындаларын мойындамаған болатын. Одан сорақысы оны психологиялық ауытқуы бар деп мұқататын болған. Бірақ, оны бұлай деп атауына оларда бір де бір дәлелдейтін құжаттары болмаған.

  Мессершмидт ауруы туралы бір анық дерек те жоқ. Кейбір тарихшылар шынымен психикалық ауруы болған деп болжайды. Алайда, Крон ауруынан зардап шегіп, мүсінші өзін-өзі шымшу арқылы өзінің азаптарын тұншықтырды және оны ерекше туындылар жасауға итермелеген айнадағы ауырсынудың өзіндік бет-әлпеті болды деген нұсқа бар.

  Мүсіншінің 33 жасқа қараған шағындағы туындылары оған маза бермеген паранойя мен галлюцинацияның әсерінен туындаған болатын. Дегенмен, халықтың оны бұлай ауру деп кемсітуінде және туындыларындағы кейіпкерлерінің бет-әлпеттері сау, есі бар адамның түрлеріне ұқсамауында бір қайшылық бар. Сол себепті, оны өмірінде мазалаған проблемалар мен жағдайлар болған. Сол жағдайлардың әсерінен ол өзінің ішкі күйін мүсін өнерімен айналысудың арқасында мүсіндеріне білдіріп отырған.

  Айрықша ерекшеленген шебер Мессершмидт әртүрлі материалдардан ең тамаша туындыларды жасай алған. Ол гипс, қола, сүрек, мәрмәр және балшықтан ебін тауып жұмыс жасаған болатын.

  Суретші классикалық бейнелеу өнерінің принциптерінен үзілді-кесілді бас тартып, өзінің әйгілі "бастар"сериясын жасауға кірісті. Оның ерекше шығармашылық ниеті адамның жарқын эмоцияларын бейнелейтін 64 бюст жасау болды. Бұрын тапқан ақшасына ол Братиславаның шетінен армандаған шағын үй сатып алып, ішіне шеберхана жасатты. Шебер іс жүзінде сыртқы әлеммен қарым-қатынасты тоқтатып, өзін үлкен идеяны жүзеге асыруға арнады. Соңында ол жоспарлаған 64 бюсттің тек 50-ін ғана тәмәмдап, 47 жасында өмірден озды.

  Енді, оның туындыларының ішіндегі есте қаларлықтай орындалған туындысына тоқтала кетсем. Оның әр туындысы сол уақытта жасап отырған мимикасының гримасасы. Сондай бет мүсінінің бірі- «Эмоция 3-лицемер и клеветник». Яғни, бұл жерден кейіпкердің өзінің бір ойлаған айласын іске асырып тұрған түрі. Ондай адамды екіжүзді етіп көрсеткен, ал екінші эмоциясы біреуге жала жауып, өзін кінәлі сезініп тұрған күйі.

 Франц Ксавер Мессершмидтдің жұмысымен танысу барысында сіздерде-өнер адамдарын есінен тандыратындын өнер ма немесе есінен танған адам өнерді қалыптастырады ма деген сұрақ сіздерде туындауы мүмкін. Енді, осы сұраққа өзімнің жеке пікірімді жазып кетсем.

  Менің ойымша, мен білетін өнер қайраткерлері өмірінде отбасылық жағдайларға, психологиялық ауытқуға және өмірдің қатаң тағдырына қарамай өз өнерін әлемге таныта білді. Өнермен айналысуды тек өзін аурудан құтқару деп қабылдамады. Мессершмидт өзінің өмірлік ұстанымы етіп тірі кезінде барлығы тамашалай алатын өнер қалыптастыру және өзінің артынан мұра қалдыру болды.

  Сондай батырлығының, жанқиярлығының арқасында өнер саласына керемет туындыларды дүниеге алып келді. Осындай біртуар мүсіншінің арқасында мүсін өнерінде, адамның ішкі жан дүниесін жеткізетін «Характерные голова» топтамасы пайда болды. Оның әрбір бюстының экспрессиясы сіздерге жақын сезімдер тудыратыны анық.

 

Жетекші: Кудерина Айжан Нурхамитовна

Жұмыстың авторы: Азатқызы Альфия

Мәдениеттану 3-курс бакалавр

www.kaznu.kz 



Бөлісу: