"Кездер-ай"

"Кездер-ай"
жеке
блог

Көңілім кейде жабырқап,

Кей кезде шаттық тасиды.

Досымда кейде кінәлап,

Кезінде жауым бас иді.


Басыма кей сәт бұлт төніп,

Жақсыда кеткен жалт беріп.

Бұлт шебін нұрлы күн сөгіп,

Қонғандай кейде бақ келіп.


Көктемім кейде күлімдеп,

Құшақты гүлге толтыра.

Сәтсіздік сәтті сүрін деп,

Болдырмай қойар жолды да.


Кездерім кезге жалғасқан,

Құбылма болды көңілім.

Күні мен түні алмасқан,

Осындай менің өмірім.