Күз қуаныштарға толы болсын!

Сәлем, достар!

Баршаңызды келіп жеткен күз мезгілімен құттықтаймыз. Күз суық болғанменен әдемі мезгіл екеніне ешкім қарсы сөз айтпас. Сол себептен әдемі мезгілді әдемі өткізіңіздер дейміз.

Бүгінгі жазбамызда жадыраған жазымыз жайлы айтқымыз келеді. Биылғы жаз біз үшін ерекше болды. Өнердегі өзге де әріптестерімізбен бірге Франция және Корея елдерінде болдық. Астана күніне орай ұйымдастырылған концертте өнер көрсеттік. Жаңа туындылар жаздырып, көп жұмыс жасадық. Біз үшін жаз табысты өтті.

Париждегі күндеріміз

Астана

Корей елінде "Тұран" тобымен бірге

Сіздер үшін де жаз мезгілі ерекше өтті деген сенімдеміз. Барлықтарыңызды қала күніме құттықтап, үлкен қуаныштар мен табыс тілейміз!



Бөлісу: