Жастар ғылымға не үшін келу керек?

Жастар ғылымға не үшін келу керек?
жеке
блог

Қазіргі уақытта қоғамдағы ең маңызды атрибут-ғылым. Дүниежүзінің көптеген салалары мен бағыттарында ғылымның рөлі күн сайын артып келеді. Қоғам дамуының негізгі коэффициенттерінің бірі ғылымның даму деңгейін, сондай - ақ бұл елдер мен тұтастай мемлекеттердің өзекті даму деңгейін қамтиды. Адам мен адамзаттың барлық ортасы-ғылымның жетістігі.

Ғылыми зерттеулерге мұқият назар аударатын мемлекеттер жаңа технологияларды, үлкен қуатты ақпараттық, қаржылық, өндірістік, зияткерлік құралдар мен технологиялар жасап, әлемдік аренада маңызды орын алып жатыр. Ғылымсыз қоғамды басқару мүмкін емес. Дамудың қазіргі кезеңінде қоғамның әлеуметтік құрамын тек ғылым өзгерте алады. Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, әр елде ақыл-ой жұмысымен айналысатын мамандар санының өсуі байқалады, нәтижесінде физикалық еңбекпен айналысатын адамдар саны азайып жатыр. Бұл тек технология мен интернеттін дамуы ғана емес, адамдардың ой –өрісінің, сана-сезімінің, қиялының, әдет-ғұрыптарының, мәдениеттің, наным-сенімнің өзгелешеліктері, сыни тұрғыдан ойлау, саралап, талдау әдістерінің дамуынан болып отыр. Бұл көптеген жастардың өзгеше ойлау мен жаңа көзқарастары ғылым саласына келуіне себеп болып отыр. Осыған орай жастар ғылым жолына қалай келеді?-деген сұрақ туындайды. Бұл мектепте немесе университет қабырғасында оқыған кезде қабылданған мағыналы шешім бе, әлде дипломды қорғағаннан кейін Сіз жас кадрлардың үнемі жетіспеушілігі болатын қандай да бір институтқа орналасуыңыз керек пе? Бірінші нұсқа елдің ғылыми әлеуетінің өсуіне әкелетіні түсінікті, ынталы және талантты адамдар жанқиярлықпен жұмыс істейді және ғылымды алға жылжытады, терең білім іздеуде шетел асып кетіп жатады. Екінші нұсқа, ғылымда не болып жатқанын қызықтырмайтын жастар тобы, бірақ олар жұмысқа бейімделіп, табысты мансап жасайды, ал ғылымға үлес қосу мәселесі артта қалады. Қазіргі кездегі  жағдайды іштей көріп келе, бүгінгі таңда қай сценарий жиі кездеседі?  Мүмкін басқа үшінші нұсқа шығар? Дегенмен, ғылымға негізінен оған құмар жастар бет бұрып келуі керек, онсыз ғылым саласында болу өз мағынасын жоғалтады, өйткені қазіргі уақытта өзін-өзі қамтамасыз етудің, маңсап пен танымал болудың көптеген қарапайым тәсілдері бар. Әдетте, жастардың ғылыми зерттеу жұмысы "қандай-да бір" жұмысты іздеп бітіргеннен кейін немесе жоғарғы оқуға түскен сәттен басталмайды, ол әлдеқайда ертерек. Курстық жұмыстар, диплом алдындағы және дипломдық практика, диплом жазу, конференцияларға қатысу, жоғары оқу орындары арасындағы студенттермен өзара алмасу -одан әрі ғылыми зерттеулерге, білім мен ашылуларға деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді. Ал жас зерттеуші өзі оқып тоқыған, көріп, білгендерден ақпарат жинау үшін бұндай іс-шараларға қатысқан кезде, ғылымға деген құштарлығы артып, одан ары қарай даму, оқу, кейін келе мамандар мен студенттерге көрсетіп, үйрету жолына түседі.

Қазіргі кезде елімізде білім мен ғылым саласында көптеген реформар шығарылып жатыр , бұл  көріп отырғандай көптеген мәселелерді күрделену, заманауи-технологиялық жоғары форматталған шындықтың талаптарына сәйкес неғұрлым кешенді білім базасын құруға бағытталған іс-шаралар. Әсіресе, дамыған елдер экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ұзақ жылдар бойы дамып келе жатқан шетелдік білім беру жүйелерін көшіру және қолдану әрекеттері орын алып жатыр. Жас ғалымдар үшін мемлекеттік сыйлықтар, шәкіртақы өсімі, мемлекеттік ғылыми стипендиялар мен елеулі ынталандырулар болды. Оған дәйекті мысал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы. Бұл біздің жас мамандар мен ғалымдар үшін ғылым мен ғылыми зерттеулердің компоненттері мен тәсілдеріне ерекше назар аударуына ықпал етті.  Ғалымның жұмысы- ол зерттеу объектілердің шексіз саны бар шығармашылықтың түрі. Ғылымда өз жұмысына қызығушылық пен адалдық болмаса  ол бос жұмыс, өйткені шығармашылық үшін адамның өз бойындағы үйлесімділігі қажет болуы тиіс.  

Ғылым бүгінде адамзат мәдениетінің маңызды түрлерінің бірі және оның дамуы адамзат өмірінің барлық салаларын жаңартудың маңызды факторы болып табылады. Қазіргі қоғам үшін ғылым адамның дүниетанымын жасайды және жаңғыртады, техникалық прогреспен өзара байланысты, қоғамның дамуын болжайды, адамзат алдында тұрған күрделі мәселелерді шешеді. Бірақ бүгін біз жаңа жаһандық сын-қатерлердің: экономикалық санкциялардың, экологиялық проблемалардың, жетекші державалар арасындағы қақтығыстар  мен  технологиялық соғыстардың куәсі болып отырмыз. Осы сын-қатерлермен қатар инновациялар енгізілуде, IT-технологиялардың дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы жеделдетілуде. Әлемнің көптеген елдерінде жастар саясаты ерекше орын алады. Қазақстанда да мемлекет бұл мәселемен айналысуда, бірақ сарапшылардың пікірінше, тиісті деңгейде емес. Бұл туралы саясаттанушылар "Коктейль Молотова. Қазақстан жастарының анатомиясы" кітабында терең қарастырған болатын. "Бірдей футболкалар киген стадионға жастарды жинау қандай да бір ұрандарды айқайлау-бұл әлі жастар саясаты емес", - дейді "Молотов коктейлі" кітабының авторларының бірі, саясаттану ғылымдарының докторы Есенжол Алияров. Кітап авторлары әлемнің көптеген елдерінде биліктің күтпеген жерден өзгеруген оқиғалар туралы және де бұл өзгерістердің алдыңғы қатарында болған жастар екенін байқады. Авторлардың осы еңбекті жазуға итермелеген екінші сәт-былтырғы Алматы қаласында "PrimePlaza" ойын-сауық орталығындағы оқиғалар, әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде жастардың жаппай төбелес ұйымдастырылғаны. Ешқандай саясат болған жоқ, бірақ саясаттанушылар үшін мұндай жаппай агрессия фактісі қызықты болды. "Ал егер болашақта біреу белгілі бір жағдайларда бұл агрессияны саяси мақсатта қолданса? Қазақстан үшін қандай тәуекелдер болады? Жастарды кім және қалай пайдалана алады? Жастардың қай бөлігін(қалалық, ауылдық, студенттік)  пайдалануға болады?" -деген сауалды саясаткер Досым Сәтпаев алға тартты. Осы оқиға сияқты биылғы Республикадағы "Қаңтар оқиғасы" елімізде сынға алынды. Білім деңгейінің төмендеуі және надандық - бұл "соқыр аймақ". Цифрлық революцияның парадоксы-қазір жалған ақпараттың көптігі, ал надандық өсуде, яғни "жазық жер қоғамы" әлемде танымал бола бастады. Жалпы ғылым мен білім саласының әлсіздігі мен төмендігі -қоғамды оңай басқаруға: оны араңдату, іріткі салу, жалған айтуға, мемлекет басшылығы мен халық арасындағы сенімсіздікке, кейін келе үлкен қасіретке алып келуі мүмкін.  Сондықтан жастар әлемдік ғылым алдында тұрған міндеттерге, қоғам проблемаларына жауап табуы үшін ғылым жолына келіп, ынтасы мен идеяларымен бөлісуі қажет. Білім мен ғылым қоғам мен жалпы мемлекеттің өзгеруінің алдыңғы қатарында болуы керек.

Жастардың ғылымға бет бұруы терроризм мен өзге бұрмалаушы қатерлердің артта қалуы немесе оларды шешу жолдарына, мемлекет басшылығының жаңаруына, жастар саясатының өркендеуіне әкелетініне сенгім келеді. Әлемнің жетекші экономикалары адам капиталының жоғары деңгейі есебінен өркендеуге қол жеткізуде, ал бұл жастардың ғылымға тартылуына және елдің ғылыми-технологиялық әлеуетіне тікелей байланысты.        

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»

Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Ғылыми жетекші: Альджанова Нурлыхан Қожабергеновна

Докторант: Алибаева Айнур Назаровна

https://www.kaznu.kz

 

www.kaznu.kz