Қазақ ұлттық университеті үздік мамандарды даярлайды

Қазақ ұлттық университеті үздік мамандарды даярлайды
жеке
блог

Жыл сайын ҚазҰУ ең үздік мамандарды даярлайды. Университтің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.

Оқушы үшін университетте барлығы бар. Мәселен Ө. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркем өнер үйірмелері, хореорграфия топтары жұмыс істейді.
Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалынған (ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттердің спорттық клубы, түрлі секциялар, денсаулық топтары). Қызметкерлер мен студенттердің спартакиадасы ұдайы өткізіліп, олардың қалалық жарыстарға қатынасуы қамтамасыз етіледі. Біздің университет спорт командалары әрдайым жоғары орындарға ие болады.
ҚазҰУ студенттері басқа студенттерден ерекшеленеді. Олар ең білімді, ең тапқыр және нағыз патриоттар болып табылады. Бұл университетке түсу үшін емтиханнан жоғары балл алу қажет, ал бұл барлығынан қолынан келе бермейді. Барлық қалалық немесе дүниежүзі аралық іс - шараларда біздің студенттер беріліп қатысады.
Осы университетте тек қазақ азаматтары оқымайды, көптеген шет студенттері де білім алады, олардың айтуы бойынша ҚазҰУ - дан керемет университет жоқ.
Мен Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқуды мақтан тұтамын, себебі осы университет маған жоғары білім беріп, үздік маман болуыма үлкен үлес қосты.

2-курс докторанты Алпысбай Марғулан Айболұлы 
ғылыми жетекші: доцент м.а. Ph.D. Утебаева Д.С.  

www.kaznu.kz