IT журналистикадағы оқудың ерекшеліктер

IT журналистикадағы оқудың  ерекшеліктер
жеке
блог

Мен, Өрісбай Аружан ХАТУ-дың 1-ші курс студентімін. Бұл оқу орнын не себепті таңдадым,әрі мұндағы оқу ойымдағыдай ма сол жайлы сөз қозғасам деймін. Жалпы мен журналист боламын деген тоқтамға келгенде санама автоматты түрде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсемін деген ой келді. Басқасына тіпті қараған жоқпын.  Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті мықты дегенді естіп, көңілім тек осы оқу орнында болды. Бірақ IT университеті жайлы біліп, ойым бірте-бірте ауа бастады. Мұндағы заманауи білім беру жүйесі менің ойымды түбегейлі өзгертті десем артық болмас. Осылайша қызығушылығым мені ХАТУ- ға жетелеп әкелді. 

      Журналистика  -  жан-жақты білімділікті талап ететін, өз шығармашылығыңды дамыта отырып қоғамға қызмет жасайтын,жаңалықтың жаршысы бола білетін жауапты сала екен. Мен оны осы оқу орнының табалдырығын аттағаннан ақ сезіндім. “Оқу инемен құдық қазғандай" ,-деп бекер айтылмаса керек.Осында оқи жүріп , ұстаздардың бағыт,бағдарымен айналада болып жатқан құбылыстарды зерттеп, зерделеуді үйреніп жатырмын. Университетке келгеніме аз уақыт болса да, мен алып жатқан ақпарат пен жаңа мәліметтер көп.  Технологиялық университет деп аты айтып тұрғандай, журналистке керек барлық жабдықтары бар.  Ең  кереметі, менің оқу орнымда теориямен қатар тәжірибелік тапсырмалар көп. Бұл студенттің өз мамандығында тәжірибелі болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар біз тек қазақ тілімен шектелмей, ағылшын және орыс тілдерінде де білім алып жатырмыз.  

Бұл тек басы ғана. Алдағы 4 жылда мына бізден нағыз журналист дайындайтыны белгілі. Бәріміздің болашағымыз жарқын екеніне толық сенемін. ХАТУ-дың журналисттері - ең мықты журналисттер!

                                    Өрісбай Аружан

                                      ХАТУ студенті