Алғашқы махаббатқа хат

Алғашқы махаббатқа хат
жеке
блог

        Көктемнің бүршік жарып, гүлденген сәтінде кешкі көктем самалы мен жарқырап, жайнап тұрған жұлдызды, айлы түнде өзіңді алғаш кездестірген сәтте мәңгілік бақытымды кездестірдім деп мүлдем ойламаппын.

       Балалық шақ  деген - сезімнің, жүректегі махаббат  лүпіліне айналған ғашықтық сезім екеніне көз жеткіздім. Достықтың кенеттен махаббатқа ұласқаны, менің түн ұйқымдағы  бір ғажайып та ең тәтті, ұмытылмас түс секілді. Сол бір сезімнен соң мен жігіт пен қыздың  жақын достасуы ғажап еместігін түсіндім. Саған деген сезімім бір сәтке де толастаған емес.  Жүрегім бұлақ тәріздес, ал сезім - одан атқылап шығып жатқан қайнар. Махаббаттан нәр алып, өмір сүру шын бақыт екенін түсінгендеймін. Оны маған сен түсіндірдің, оны маған сен ұқтырдың. «Көзімді жұмсам да көрем сені»,-деп ақындар әнге қосқандай мен де көзімді жұмсам сенің талдырмаш бейнең елес болып тұра қалады.

      Жүрегімде бір ғана жанға мәңгілк орын бар, ол тек сенің ғана орның.  Жаным, Сен менің алғашқы махаббатым болып, жүрегімнен мәңгі орын алдың!!!