Алматы қаласы тұрғындарының назарына!

2012 жыл Алматы қаласының мәдениет жылы болуына байланысты, Алматы қаласы тарихының мұражайы келушілерге жеңілдіктер ұсынылып отыр.

 

Жалпы ақпарат:

Алматы қаласы тарихының музейі 2002 ж. қыркүйек айында ашылып, қысқа ғана уақыт ішінде Алматы қаласының негізгі тарихи-мәдени мәселелерімен айналысатын іргелі орталыққа айналып үлгерді. Бүгінгі таңда музейдің коллекциясында қала мен Жетісу өңірінің тарихынан сыр шертетін 30-мыңнан астам жәдігер сақталуда. Музей экспозициясы қола кезеңінен бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Қала территориясындағы қазба жұмыстарының нәтижесінде б.з.д.VII-II ғ.ғ. жататын алтын бұйымдар, 13-14 ғасырларда Алматыда соғылған күміс тиындар, инженер-құрлысшы А.Зенковтің жеке фотоқұжаттары, қолжазбалар, сирек кездесетін мерзімді басылымдар, Түркістан-Сібір теміржолы құрлысының материалдары және т.б. аса сирек кездесетін экспонаттар бар.

 

Қадірлі оқырман!

Егер әсем қала Алматы жайында тереңірек мағлұмат білгіңіз келсе, Егер сізді тіршілік кешіп жатқан қаланың тарихы қызықтыратын болса, Егер таудай тарихы бар Алматы қаласында өткен іс-шаралармен таныс болғыңыз келсе, онда Алматы қаласы тарихының мұражайына келіңіздер!

Қыркүйектің 1 жұлдызынан ағымдағы жылдың соңына дейін жеңілдіктер жүріп жатыр. Қапы қалмаңыздар!

  Студенттер мен мектеп оқушыларына кіру билеті тегін!!!

14-23 қыркүйек аралығында ересектерге 90% жеңілдік қарастырылып отыр.

Келіңіздер күтеміз!

Мекен-жайы: Достық даңғылы, 44 үй (Жамбыл көшесімен қиылысы)

Байланыс телефондары:

291-27-59

+77078894437

Сайт:https://www.museumalmaty.kz/

e-mail: museumalmaty@mail.ru



Бөлісу: