Венгрияға сапар. Мадиярлар жайлы. Екінші бөлім

Венгрияға сапар. Мадиярлар жайлы. Екінші бөлім
жеке
блог

Мадиярлардың кей мінездері бізге ұқсас. Біз сияқты сыйлы қонақтарға бас тартатынын өткенде айтқан болатынмын. Олар қазақтан өткен жайбасар халық екен. Асықпайды. Барлығын айтылған уақыттан кеш бастайды. 8-де делінсе, 10-11-сіз бастамайды дей бер. Дәмханаларда даяшы тапсырысыңды әкелгенше, асқазаның он айналып, тіпті, тәбетің де қашады. Сөйлегенде асықпай, ерекше байыппен сөйлейді. Сұрақтарға жауап беру үшін көп ойланады. Бірақ, көмектесуге кез келген уақытта дайын. Тіпті, тіл білмесе де, әйтеуір, саған көмектесудің амалын табады.


Олар балаларды өте қатты жақсы көреді. Көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс баламен ойнап кетуі мүмкін. Балалар да сол мейірімділікті сезіп, оларға қарай тартылады. Олар кеш үйленеді екен. Сондықтан да кішкентай баланың жанында орта жастағы кісілер жүреді. Әже-аталары емес, әке-шешесі болып келеді. Балаларды жақсы көретіндігі соншалықты, әбден еркелетіп тастаған. Бар айтқанын жасайды. Дәу балаларын балалар арбасына отырғызып қояды. Анау баланың аяғы жерге тиіп тұрса да, өзі жүріп, жүгіре алса да, оны сүйреп жүре береді. Содан кейін кез келген дәу баланың аузында емізік болады. Тағы еркелеткен түрі ғой.