жеке
блог

"Өткеннің жаңғырығы"

«Өткеннің жаңғырығы» - бұл кішкентай кездерінен бірге өсіп, бірақ тағдыр тәлкегімен есейген кезде бақталас болған төрт жас адамдардың махаббат тарихы. Бәрі 1974 жылы басталды, дәл сол кезде Мюжган, Ферит, Селим және Налан атты жастардың тағдырлары түйісті.

Жол апатынан жанұясының барлығы апат болғаннан кейін, Мюжган кішкентай кезінен әкесінің досы Рауфтың қолында өскен. Мюжган, Рауфтың туған балалары Селим мен Налан бар өте тату жанұяда өсті. Мюжган кез келген ер адамның жүрегінде махаббат сезімін жағатын өте сұлу, өжет болып өсті, бірақ жүрегі әлі сезімдерге толмаған...

Ферит – жас және сымбатты теңізші, Селимнің жақын досы. Ол әрбір кемежайда жергілікті сұлулармен жүріс кұрған. Стамбул қаласындағы кемежай оның тағдырында шешуші рөл атқарды. Теңіз жағалауында серуендеп жүргенде ол Мюжганмен танысты. Бір көргеннен бір-біріне ғашық болды! Алдарында не күтіп тұрғанын екеуі де білмеді. Ғашықтар сағыныш, сенім, құштарлық, опасыздық сияқты басқа да сезімдерді бастарынан өткізеді.

Мюжганға әке болған адам ұлының қызға деген махаббатын біліп, қызбен сөйлесуге бел байлайды. Ризашылығын білдіру үшін ағасы деп санайтын адамға тұрмысқа шығуға келіседі. Дәл сол кезде Налан өзінің Феритке ғашық екенін Мюжганға айтады. Әкесіндей болған адамның балаларының бақыты үшін, қыз өз махаббатын құрбан етуді ұйғарады. Феритке деген сезімінің күшін әлі түсінбейді...

Өмірлерінің құлпырып тұрған шақтарында жастар бақытпен қарсы жақтан танысады..

Жақында 31 арнадан қызықты тұсаукесерді көріңіздер!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі