Ауылбайский жазым)))

Москва Сочи емес, Сочи Париж емес дегендей, менің жазымды  Эльвираныкымен салыстыруға келмес. Кезекті еңбек демалысымды ұзақ күттім, көптеген жоспарлар құрғам. Алматы қаласына барып, массагет сайтына қонаққа бармақ болып дайындалғам,демалысымның басталуына санаулы күндер қалғанда авто көлігімен келе жатып аздап аварияға ұшырадым. Алматыға жақын күндері бара алмайтын болғандықтан,дайындаған сыйлығымды беріп жібердім.Демалысымның көп күні үйде өткіздім. Көрші балақай бар, күнде ояна салып менің үйіме қарай келеді.Маған көп көмегі тиді, қолқанатым болды.

Оразаның алғашқы күндерінде студентік күндерімнен бері келе жатқан досым өзінің жайлауына алып кетті. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының жайлауында болдым, қазақтың ұлы Абайдың кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақ деген мекенде болдым. Ол жақтағы демалысымнан алған әсерім өте күшті. Суреттеп жеткізе алмаймын, таза ауа, самал жел, тыныштық, түнде ұйықтар алдында киіз үйдің түндігінен асқақ армандармен тәтті ұйқыға кетесің. Таза ауада ұйықтаудың өзі бір ғаниебет қой. (Өкінішке орай суреттер жоқ, ол жақта сеть ұстамайтын болған соң, соткамды үйге тастап кетіп, бір уақыт соткамдыда отпускке жібергем, телефонсыз басында елеңдеп жүрдім артынан үйреніп кеттім.соткасыз демалған күшті екен)

 

Оразаның екінші он күндігінде өзіме білім берген,алғашқы еңбек жолымды бастаған Аягөзіме келдім.

Бұл кезде гипстен құтылғам. Аягөздегі достарымды көріп бір мауқым басылды, бала күнгі достарға жететін достар жоқ қой.

Аякөз өзеніне барып суға түсіп, ойнап қайттық, балалық шақты еске алып.

 

2000 жылы қыста Қуатпен жатахананың бір бөлмесінде танысып, үш жыл бірге студентік жылдардың қызықты сәттерін бірге өткізіп, айнымастай дос болдық. Амал қанша 10жылдан кейін екеумізді ажал айырды, жатқан жері жайлы болсын деп, ол жайды естеліктерді еске алып үнсіз ғана күрсіну келеді, сағына еске алып. Қуат мен үшін аға, бауыр, дос,әкемдей ардақ тұтқан жандардың бірі болатын. Қуат деп дос болып жүріп көп нарселерді түсіндім, (кейінірек Қуат жайды тоқталам, жеке жазба етіп) бала кезден ауыл өмірін көрсем екен деп армандайтынмын, ол арманыма қол жеткізген осы досым болатын. Әр каникулды Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында өткізетінмін.

Міне жолым түсіп, досымнын үйіне құран оқытып қайтым, біраз күн демалып, ауылдың ауасын жұтып, ауызашарда болып, ерекше бір сезімді сезіндім, біз жақта ауызашар үнсіз келіп тамақ ішіп, ақырын сөйлеп жаңалық айтканды ғана көріп жүрген басым, ауылдың алты ауызынан салиқалы әңгіме естіп, уағыз тыңдап рухани азық алып қайттым. тау басына шығып еркін тыныстап, жүректің күйін шертіп, көңілдегі ойларды ой елегінен өткізіп, сол таудың басында наққа жіберетіндерді наққа жіберіп, басымдағы ойларға, алдағы жоспарларыма сортировка жасап қайттым, жеңілдеп.

Мынау ауылдың жанынан ағып өтетін өзен, жазғы көрінісі мен қысқы көрінісі.

 

Енді сервис жайында айтарым жаулаудың жағдайын білмейтіндерің жоқ шығар деп ойлаймын.Жайлаудың құртары қандай десеңші, Саржалдың сары қымыздарын айтсаңшы, аузымнан дәмі әлі кеткен жоқ. Бағлан қозының етінен жасалған сірнені жегенде арманда жемегенде арманда)))

  Аягөз қаласының кафелерінің тамақтарындай арзан тамақ әлі көрмедім, қалтаңда болса болғаны бес жүз теңге (негізі базар жақтағыдар көбіне арзан) . Қаланың қай жеріне барамын десеңізде такси құны 200теңге. Былтардан бері үш саябақ ашылды, «Абай» саябағы балалармен қыдыруға қолайлы, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» саябағы орталық «Айғыз» базарының жанынан (базардың әдемі қыздарын кездесуге шақыруға ең қолайлы жер) ғашықтарға оңаша қалуға қолайлы мекен))), халқымыз қашанда қартын сыйлаған халық қой, Аякөз аудандық әкімшілік қарттарымызды да ұмытпай, оларға арнап «Арадагер» саябағын салыпты. Тыныштықта шахмат ойнауға арналған столдарымен орындықтары бар.

 Тарбағатай ауылы шетінен қонақжай тұрғындар тұрады. Әр кісінің жүзінде мейірімділік бар, қонақты құдай күтеді, бұл жақтада қымыз бар екен. Жалпы негізі қымызды дәміне қарай жуас қымыз, бал қымыз деп бөледі ғой, бұл жақта Қалидың қымызы тағы сол сияқты қымыз сатушылардың атымен атайтын күшті қымыздар бар екен,қаланың қымызының жартысы су болып дәмін кетіріп сатады ғой, бұл ауылдың қымыз сатушылары адал екен, бұл ауылды биыл тірек ауылы деген бір байқаума бір шараға қатысуда екен, бұрындары түнде көшеде жарық болмайтын ауыл біршама жақсарыпты. Мен барған үйдегі досымның анасы өте пысық кісі, күнделікті ауызашарға ыстық бауырсағын пысырып,тәтті талқанымен, өзі қуырған бидайын ұсынып жүрді. Таза табиғи тағамдар  жегілерің келсе ауылға барыңдар!

Ауылдың қорадаға қойлары сәлем айтуда қаладағыларға:

 

Бұл жаздағы мендегі ең қызықты жаңалық мен ғашықпын бір сұлуға!

мына бейне баян сіздер үшін,массагеттің гүл қыздары осы клиптегідей әдемі болып бір-бір ауылға ұзатылып инабатты келін атансын!

 

Жазда қой қайырған таяғымды қыпшақтың сары қызы Жазираға бердім



Бөлісу: