Тоқал еркек алғың келе ме?

Тоқал еркек алғың келе ме?
жеке
блог

Ғаламтор көздері төрткүл дүниенің сылқым серілері біздің қазақ қыздары үшін тоқал күйеу болып, басын бәйгеге тігуге дайын отырғанын жарысып жазып жатыр. Атап айтқанда, Ресей, АҚШ, Еуропа елдері, Қытай тұрғындарының серілері. Бұл деректі Халықаралық неке агенттіктері растап отыр.

Халықаралық неке агенттіктеріне жазған өтінішінде, сері жігіттер мұндай шешімге келу себептерін мынадай дәлелдермен түйіндеген: Дені сау, қаны бұзылмаған әйелден бала сүйгісі келеді екен. Біздің қыздарымызға ықыласы ауып отырған серілер шикіөкпе бозбала емес, отыз жасты орталап, қырықты еңсеріп қалған қырма сақал азаматтар көрінеді.
Кеше олар бұрын көзіміз көрмек түгілі, құлағымыз естімеген жиіркенішті дерекке негізделген ақпарат таратты: Қаламыздың кейбір ерке-сылқым, қалталы келіншектері көңілдері қаласа, кез келген уақытта екінші, үшінші «күйеуге» тапсырыс беріп жатқан көрінеді. Мәртебесін халықаралық деңгейге көтеріп алған неке агенттігі директорының орынбасары Ирина Прошинаның айтуына қарағанда, мұндай ұсыныстар бірер аптадан бері ғана түсе бастапты. Әзірге, тоқал-күйеу іздеген сылқымдардың қатары аз да емес, көп те емес, тек - алты әйел. 

Не деген сұмдық мынау?