Қайта айналып келгенше, жайдарлы жаз!

Қайта айналып келгенше, жайдарлы жаз!
жеке
блог

Осы эстафетаны жазу қандай жыр болғанын білсеңіздер ғой... Сурет сала алмай, Мейіргүлге "ойбайлап" звондадым. Одан суреттердің бәрін салып, енді аяқтағанда түгел өшіріп алдым, соншама суретті салу қиын ғой. Ай, жынданғаным-ай... Айконайым, рахмет эстафетада бірінші жүгірткеніңе :)

Ал кеттік... Бірінші жазғанымдай керемет болып шықса екен...

1. Сіз жазды қайда, қалай өткіздіңіз?

Жақсы өткізген сияқтымын, шүкір. 

 ... Мен үшін жаз мамырдың аяғында басталып кетті. Шымкенттен бастадым қыдыруды. Негізі мектеп бітіріп жатқан сіңілімнің соңғы қоңырауында шашын өріп беруге бола барғам десең, ә :)

 

Шымқаладағы Қарашаш ана мазаратынан бастап, Отырардағы Арыстан Баб, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен аяқтадық сапарды. Мынау Яссауи кесенесінің есігі :)

 

 ... Жұмыстағы кезекті демалысымды ала сала, Түркияға тарттық. Бодрумдағы Байя отеліне тоқтадық. Ол қаланың ерекшелігі үй, ғимараттардың бәрі түгелдей төртбұрышты және ақ түсті. Эгей теңізінің жағасында "эге-ге-гей" деп жүрдік қо :)

Не деген отырыс десеңші, Құдай-ай :)

Купальниктің сыртынан көйлек :). Біліп тұрған шығарсыз, жағажайға кетіп барамыз :)

"Фатмагүлдің кәнісі не" - 1. Мұстафаны күтіп тұрм :)

"Фатмагүлдің кінәсі не" -2. Сериал басталғанда осылай отырады ғой :)

Лобби бар. Тек қана сусын ішетін жер. Ал, біз сияқтылар суретке түсетін жер :)

Біздің отель тасты жағажайдың жанында болды. Құмды жағажайға яхтамен келдік. 

"Жасмин" атты яхтамыз. Көк шляпа мен қызыл белдік керемет үйлесім тауып тұр, ық ық :))

Яхтамен саяхатымызда үзіліс жасап, Эгей теңізінің ең терең жеріне түстік. Жилетімнің бауы шешіліп кетіп, қатты қорыққаным-ай... Жан керек екен :)

Бассейннің мөлдірлігі мен үлкендігіне риза болдық. Хлор мүлде жоқ сияқты. Теңіздің тұзды суына түске дейін, түстен кейін бассейнге кеп жүрдік. Негізі түскі 1-ден кейін суға түссең, күнге күйіп кетесің, өте қатты ысиды деген. Біз кез келген уақытта түсе бердік, тіпті түнде де :). Сондықтан шығар, қаааап-қара боп келгенім

Түрік патогрып әлсіз жерімізден ұстады. Фотосессия жасатуды ұсынды, келістік. Орысшаны қатырмайтын оның "Смотри меня", "Олыбайся" деген сөздеріне күле-күле түскен суретім :)

Оһ, осы сурет ерекше ұнайды өзіме. Түрік жігіт (атын ұмытып тұрм) әшкиімде :)

Мынау да соның туындысы

Түүууу, тұрысымның өзі кино ғой :)

"Негр жігітке ғашық болдым" деп, жазып ем Фейзбукте. Біразы бақыт тілеп, біразы ұрысты. Кениялық құдалары келсе, ит терісін китке қоятын сияқты ғо :)

Номердемін. Қап-қара боп кеткем, бояусыз түрім. Жазда бояу жағу мүмкін емес екенін қыздар жақсы біледі :)

Тағы да көйлектің ішінен купальник киіп, жағажайға кетіп барам :)

Мынау - сіңілімнің шедеврі. Мен жымиып, образға кіріп тұрсам... Көзіңді жұмып қалдың деп, қайта-қайта түсірген тағы :)

Гидіміз - Олямен Бодрум қаласын түгелдей аралап, экскурсияға шықтық. Алғашқы күндердің бірі. 

Кешкі Бодрум керемет. Тар көшесін аралап, отельден ұзап кететінбіз. Үйлері тым кішкентай, баспалдақтары тік, шарбақ деген атымен жоқ, қызық көрінді бізге. 

Мына Байя отелінде өткен 10 күн есімізде мықтап қалды. Неше түрлі қызықтар өтті. Қазақстаннан барған адамдар өте көп, өзіңді толыққанды шетелде жүргендей сезіне алмайсың. Алматылық, Астаналық жерлестерімізді тауып, достасып та алдық. Түркияға жоспарыңыз болса, Бодрумдағы Байяны ұсынам. Тағы келеміз деп кеткенбіз.

 

 ... Түркиядан келген соң жұмысқа кірісу қиын болды. Бірақ, қайда барасың үйренбегенде...

Біраз уақыт өткен соң Бурабайға жол түсті. Күн суық болған соң суға түсе алмадық. Тауға да шығпадық. 

Кхм... кхм..

Шәмшінің "Қайықта" әнін айтсам, тақырыпқа сай емес, ия?

Жұмбақтастың жұмбағын шешпекші болып барғам ғо мен негізі :)

Мирастың үстіндемін. Орманда атпен жүру андааай екен ше. Ну андай шы, кинодағыдай :)

Түйенің құлағында ма, құлағымен ба ойнадым :)

Бурабайдың самалы шаштарымнан өбіп... ық, ық :)

Аңыз бойынша Оқжетпестен құлаған осы қыз дейді. Сол қазір жағдайы қалай екенін сұрап тұрғам :)

Мәшинемізге жеткенше жаңбыр құйып, малмандай болдық. 

 

 ... Бурабайда екі күн ғана болып, Астанада 5 күндей тұрақтадық. Астаналық блогерлермен кездесіп, Керуеннің алдындағы Домбыра-патиге бардық. Олимпиадаға қатысқан спортшыларымызға арналған керемет кештің куәсі болдық, Айтпақшы, Джунглиге бірінші рет кірдім. Хан Шатырға не үшін барды деп ойлайсыздар? :)

Баяғы Бәйтеректің ішінде

Бәйтеректің сыртында

Бәйтеректің арт жағында :) 

Астанаға көктем ғана емес, күз де ерте келеді емес пе?! Тағы да жаңбырдың астында қалдық :)

Осындай шағымның аспаны :) Астана аспаны мені өзіне ғашық етті...

 

 ... Алматыда аптасына бір рет Апорттағы Гавайға баруды әдет қылдық. Бисмарт ұсынған жеңілдіктің рахатын көрдік. Суы су емес, хлор болса да, қоймадық очм. 

Осылай тұрып түскен суретім көөөөөп ше :)

Мынадай жерде қалай суретке түспейсің енді :) Тасбақалар тірі

Қайта-қайта сырғанап қоймағансың ғо :)

Биыл Қапшағайға бармадым :(. Бірнеше рет барған әріптестерімнен қалып қоя бердім әйтеуір. Аман болсам, ендігі жылы барармын...

 

2. Барған жерлеріңізді сервисі ұнады ма? 

Түркияның сервисіне сөз жоқ. Номеріміз күнде тазаланып, жуынатын заттар мен тоңазытқыштағы шоколад, жеміс, сусындар күніне екі рет жаңарып тұрды. Дөрекі деп санайтын түріктер тым сыпайы боп шықты. Тамақтары дәмді әрі сан алуан. Он күн ішінде қайталанған тамақтар 1-2 ғана болды. Өте сапалы. Төлеген ақшаң аз емес пе деп ойланып қаласың. Енді фотореп:

Біз үш мезгіл тамақтанған ресторан.

Сүйіктісімен барғандарға романтика жетіп артылады :)

Осылай 4 қатар тізілген тамақтан қалағаныңша жей аласың

Қарным ашып қалған сияқты :)

Суши десе, ішіп жатқан асымды қойып, суши жейтін адаммын :) Құдайым берді

 

"Түркиш дэй" болады екен әр сәрсенбіде. Ол күні түріктердің ұлттық тағамын түрік музыкасын тыңдап отырып жейсіз. Сол күні кішігірім мейрам болады, күндіз базар жұмыс жасайды. 

Бахлаваның атасы бар. Айтпақшы, біз жеп жүрген бахлава ұн тати ма, бірдеңе ғой. Мыналардікі мүлде бөлек, дәмін айтып та, жазып та жеткізе алмаймын :)

Мына коктейльге баға беру керек болатын. Ұнаған жоқ.

Міне мынау ұнайды маған :)

Бізге қызмет көрсеткен әписәнт бала ғой. Формалары осындай барлық қызметкерлердің. 

 

Ал, Бурабайдың сервисі мүлде-мүлде ұнаған жоқ. Мүмкін дұрыс таңдау жасай алмаған шығармыз. алайда, сырты жақсырақ деп, кірген кафеміздің тамағы бағасына мүлде сай емес. Бір порциясы 1000 теңге болатын тамақтан ұшынып қала жаздадым. Тазалық туралы сөз қозғау ағаттық болар. Тұрақтаған қонақ үйіміз де аса керемет емес. Өзіміздің қала деп, мақтай салмады демеңіздер. Түркия туризмге әбден төселіп алса да, біздегі туристер көп баратын жер - Бурабай. Ең құрығанда осы қалаға бар жағдайды үйіп-төгіп, шетелге кететін ақшаны өзімізге тартуға болар еді. Лагерлерде жақсы шығар мүмкін сервис... Суретке түсу үшін ғана барғандай болдым өзім :). Ойеебоооой, кәдімгідей ақыл айтып кетіппін ғой қуып. Очм, Түркияға бармай тұрып барып алыңыздар Бурабайға :)

 

3. Демалыс кезінде қандай қызықты жаңалықтар аштыңыз өзіңізге?

Жер көрдім, ел көрдім... 

Басында сіңілімді тұрғызып қойып, "саған жүзіп барам, сол жерде тұр" дейтінмін. Судың ішінде ал кеп жүзем, сіңілім тұрған жерден асып кеттім-ау дегенде қарасам, бір орында тұратынмын. Қазір біршама жүзе алатын болдым :)

Лондоннан бұйырған әр жеңіске қуана біліп, жанкүйерліктің оңай емес екенін сезіндім. Алғаш рет ту жамылдым. Өзім алтын алғандай болдым ғо ощм :)

Дәл осы күні шықтым да...

Дәл сол күні шашымды қидырып келдім. Биылғы басты жаңалық болды :)

Биылғы жылдың тағы бір жақсы жаңалығы - Майя Манезамен сүгіретке түстім, ляй-ляй :)

Жаздың тез өтіп кеткені кішкене ренжітті десем, бола ма? :). Осы күніме де шүкір! Көп адаммен таныстырып, көптеген дос тауып берген жаз болды. Жақын тұтқан жандарымның бетпердесін шешіп берген жаз болды бұл. Өмірдің керемет екенін ұғындырған жаз... Өміріме де, өзіме де өзгерістер енгізген жаз... 

Әр күндеріңіз жарқын күлкіге, жаздың шуағына толы болсын!

Эстафета таяқшасын Жанат Ахметов ағама беремін. Жүгіріңіз, Жәке! :)