«Оркестрлер шеруі» басталды

«Оркестрлер шеруі» басталды
жеке
блог

6 қыркүйек күні, Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Оркестрлер шеруі» атты музыкалық фестиваль басталды. Үш күн қатарынан өтетін концерттік бағдарламаның бірінші күні Нұрғиса Тілендив атындағы «Отырар сазы», К.Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар, Мемлкеттік Академиялық Симфониялық және ҚР Ұлттық үрмелі оркестрлері көпшілік назарына өз өнерлерін паш етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әдемі кеш сыйлады.


Ашық аспан астында өтетін музыкалық фестивальге биыл Альфия Кәрімова (Ресей), Сүндет Байғожин, Mezzo квартеті, Сон Паскаль (Ұлыбритания), Ирина Левина, Вахтанг Торрели (Ресей), Андрей Илькив (Украина), дирижерлер: Ваг Папян, Дінзухра Тілендиева, Александр Беляков сынды бірқатар өнер иелері қонақ ретінде шақырылған. Сонымен қатар, бұл жылы оркестрлер шеруіне әлемге танымал «Luna» әнінің авторы, әрі орындаушысы итальян теноры Алессандро Сафина қатысады.

Қасымова Раушан, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы:

Бұл фестивальді өткізу туралы ой осыдан үш жыл бұрын туған болатын. Бүгінгі күні «Оркестрлер шеруі» атты фестивальді жыл сайын өткізу дәстүрге айналып отыр. Фестивальдің бірінші күнін ұлттық музыка ашты. Ертең, яғни 7сі классикалық музыка, 8-күні үрмелі аспапты оркестрлер өнерлерін көрсетеді.

Өткен фестивальдерден бұның айырмашылығы - тек қатысқан оркестрлерде деп айтар едім. Мысалы, бірінші фестивальде тәжірибелі оркестрлермен қатар музыкалық училищелердің, мектептердің түлектері де өнер көрсеткен болатын. Ал екінші жылы тек танымал оркестрлер өнер көрсетті.


Марат Омаров:

Eventicа компаниясы осы іс-шараны ұйымдастыруды тендрдан ұтып алған болатын. Әкімшіліктің бізге сенім артқанына өте қуаныштымын. Жалпы дайындыққа 2 айдай уақыт жұмсадық. Бірақ бұл осындай үлкен іс-шара үшін аз уақыт. Барынша барлығын уақытылы үлгеріп жасауға тырыстық, не дегенімен біраз кемшіліктер бар. Мысалы, мен мына орындықтарда 10 мың адамның отырғандығын қалар едім, бірақ ол 3 мың дегендей... Кем дегенде 7 мыңдай адам болғанда жақсы болар еді. Бірақ өткен жылғылардан жақсы. Себебі өткен фестивальде арнайы шақыру арқылы келген болатынмын, тек шақырылғандар ғана отырып, көрермендердің жартысынан көбі тұрып тұрды. Сонда неге осы халықтың барлығын отырғызбасқа деген ой келген. Биыл ұйымдастыруды өз қолымызға алғаннан кейін арнайы орындықтар қойып, қолжетімді бағада билеттерді сатылымға шығардық. Қазір қарап тұрсам, халық бұны жақсы қабылдаған сияқты. Ұйымдастыру жағынан ешқандай ақаулар болып жатқан жоқ. Бастысы шам бар. Алдағы жылдары әкімшілікпен бірлесіп, бұдан да үлкен көлемде керемет қылып өткіземіз деп ойлаймын.

толық нұсқасы http://yvision.kz/post/288383