Бір ұпайдың құдіреті

         Жаңа телемаусымда «Елім менің» бағдарламасын «Қарагөз» және «Мұрат»  деп екі топбасшы атауымен аталған топтар бастады. Бірінші топты белгілі композитор ағамыз Алтынбек Қоразбаев, тележүргізуші Гүлмира Дайрабай және «Брилюкс» тобының әнішісі Жазира бастап келсе, қарсы топты әнші Ұлжан Байбосынова, актер Әсет Иманғалиұлы, тележүргізуші Асхат Садырбай бастап келді.

          Бұл жолғы ойынды көру арқылы еліміздің танымал тұлғалары туралы ақпарат алып, қазақтың салт-дәстүрлерімен таныса аласыздар.

          Екі топтың бәсекесі өте қызықты әрі көңілді өтті. Әсіресе, Гүлмира өзінің шапшаңдығының арқасында барлық әндерді таба білді. Ал, Алтынбек ағамыз төртінші айналымда салт-дәстүрлерді табу арқылы өзінің көрегендігін көрсетті. Әсет мырза асық түрлерін саралап беру арқылы, өзінің бала кезде асық ойнауға құмар болғандығын жасыра алмады. Асхат пен Жазира шешуші айналымда өздерінің барлық тапқырлықтарын салып, өз топтарын алға жетеледі.

        Ойын 44-43 есебімен шешілді. Бір ұпайды қай топ иеленіп, жеңіске жеткенін білгіңіз келсе, елжанды азаматтарды бір арнаға тоғыстырған «Елім менің» бағдарламасының кезекті санын Қазақстан Ұлттық арнасында  тамашалаңыздар.



Бөлісу: