Дипломы бар жұмыссыз жастар

Дипломы бар жұмыссыз жастар
жеке
блог

Әлем сағат сайын сырғып, минут сайын жылжып, секунд сайын бір жаңалықты дүниеге әкелуде. Ғалам алпауытының алдыңғы қатарындағы мемлекеттер тек біліммен ғана оза шабуда. Өздерінің ашқан жаңалықтары мен жаңа тенденциялары арқылы.

Қазақстан-барлық жағынан енді ғана өркендеп, өсіп келе жатқан жас мемлекет. Білгенінен білмегені көп. Білім біздің отанымыз үшін маңызды. Елімізде: IT технологиясы мамандары, инженер-технологтар, сәулетші-дизайнерлер өте сұранысқа ие, жоқтың қасы десек те болады. Шет ел мамандары отанымыздың осы бағытын жандандырып жатыр. Біздің елімізде сол үшін де дипломы бар бірақ басқа салада жүрген адамдар өте көп. Қазақ жастары отыз жыл көлемінде түрлі жолмен диплом алды. Біліммен, ақшамен, таныспен деген сияқты. Ең көп диплом берілген салалар: медецина, мұғалім маманы, және милиция қызметкерлері мамандығы екен, әрине осыдан кейін жұмыс қалай табылсын. Оңай жерде жұмыс та ақша да жоқ, нәпақа табу мақсатында ақшасы молырақ төйленетін жерлерге жалданып жұмыс жасап, дипломы сандықта тот басып жатқан халық саны жетерлік. Дәл осылай білім саласы жалғаса беретін болса, Қазақстан-ғажапстан статусынан айырылатыны сөзсіз. Кедей қаптап, білімсіз қайыршылар заманынан сақтасын, жемқорлар мен парақорлар азайып, білімді ұрпақ көбейсе ғана еліміздің туы көкте қалықтайды. Бүгінгі күні оқимын деген әрбір жанға барлық жағдай жасалынған, жалқау жастар саны көбірек, басты кедергі осы. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді доғарып, білім сапасы мен сапалы кадрлар мен білікті жастарды барынша қолдап, жағдай жасауымыз қажет. Дипломды белгі үшін алып, сақтамай білім нәрімен дәлелдейік дегім келеді.