ҚазҰУ-үздіктердің мекені!

ҚазҰУ-үздіктердің мекені!
жеке
блог

Мектепті бітіргеннен кейін, көптеген талапкерлер сияқты, жоғары оқу орнын таңдағанда, болашақтарын ойлаймыз. Мектепте менің сүйікті пәнім математика мен физика болатын. Бұл ғылымдарға деген қызығушылық мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауда басты бағдар болды.Сол бағытта ҚазҰУға түстім, өйткені мұнда лайықты білім алуға болатынын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндіктер көп екенін түсіндім. Қазір механика-математика факультетінде , математика мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Біздің кафедрада мықты оқытушылар құрамы бар. Олардан әлі де көп нәрсені үйренетінімізге сенімдіміз. Мұғалімдер күн сайын бізге өмірде де, жұмыста да пайдалы болатын білім беруге тырысады. ҚазҰУ-да оқу қиын, бірақ өте қызықты. Сабақтардан басқа университетте әртүрлі конференциялар, олимпиадалар өткізіледі.Университетімнің пайдасына тағы бір салмақты дәлел – белсенді студенттік өмір, түрлі шығармашылық шараларды, конференцияларды, ғылыми апталықтарды тұрақты өткізу. Университетте өзіміздің баспасөз орталығымыз бар және радио студенттерді оқу үдерісі мен түрлі байқаулар, іс-шаралар және т.б. Факультеттер арасындағы спорттық және әзіл-оспақ жарыстары қызықты, олар студенттік өмірге жақсырақ енуге және шығармашылық таланттарды көрсетуге, сондай-ақ жаңа достар табуға ықпал етеді.

Мен ҚазҰУда оқитынымды мақтан тұтамын.ҚазҰУ-да оқу арқылы мақсаттарыма сенімді қадам басып келе жатырмын.

Кеңес Ләзина, механика – математика факультеті, математика мамандығы,1курс .

Жетекші: ҚазҰУ филология факультеті, Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Тлеулинова Мейрамкүл Бейсенбайқызы