Бюджет пен мұнай арасында байланыс бар ма?

Бюджет пен мұнай арасында байланыс бар ма?
жеке
блог

Негізінен, бюджеттің бет түзер құбыласы осы мұнай бағасы. Бұл жайлы Гүлбаршын Айтжанбайқызы «Егемен Қазақстан» газетінің алпыс жетінші санында жарық көрген «Бюджет пен мұнай арасында байланыс бар ма?» атты мақаласында кеңінен тарқатады.

Осыған дейін мағанда мұнайдың нарықтағы бағасы, сарапшылар пікірі секілді көптеген дүниелер таңсық болатын. Тіпті, мұнай бағасының неліктен тұрақталмайтынына, жер асты байлығының жер үстіндегі адамдардың қалтасына қалай сонша салмақ салатынын түсінбейтінмен. Дегенмен, әрдайым шынайы сарапшы мен дәлелді деректерге қызығатынмын. Айтылған тармақтардың барлығын мен осы Гүлбаршын Айтжанбайқызының мақаласынан таптым.

Ал бастайық, ағымдағы жылдың экономиялық өсімі қандай деңгейде екен? Бұған жауапты мақалада Гүлбаршын Айтжанбайқызы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінен келтіреді. S&P Global Ratings агенттігі 2022 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 4,2%-дан 3,6%-ға дейін түсірді. Ал бұл өсімдер неге байланысты анықталады? Әлде көлденең көк атты я шенділер шешкен шешім бе? Министр айтуынша, геосаяси жағдайдың шиеленісуіне орай сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлануына байланысты халықаралық қаржы ұйымдары осы жылы әлемдік ІЖӨ-нің өсу перспективаларының төмендеуін күтуде екен.

Сонымен бірге, Ұлттық экономика министрі «Мұнай нарығында жыл басынан бері мұнайдың Brent маркасының орташа бағасы барреліне 98 доллар болды. Бұл ретте Дүниежүзілік қаржы ұйымдары 2022 жылы мұнай бағасын 74-105 доллар аралығында болжап отыр. Осыған байланысты макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 доллар деңгейінде айқындалды» деген пікірімен қалың бұқараны бір шошытып алды.

Бірақ, мақалада бұған басу болар премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан сөзі де көрсетілген.

Оған қоса мақалада «мұнай қымбаттаса мұнайдан түсетін пайда да өседі, пайдаға батып қаламыз» деген ел арасында жүрген қаңқу сөздің жай ғана аңыз екені тілге тиек етілді.

Бұл жайлы қаржы сарапшысы Айбар Олжаев «Мұнай түсімінің Ұлттық қордан артылған мұнай түсімі трансфері сол қорды басқарып отырған компаниялардың активтеріне айналады. Демек қымбат мұнай бағасы мен Ұлттық қор немесе бюджет арасында тікелей байланыс жоқ» деп қорытындылады

Назерке Альбертқызы