Ташкенттегі қазақ басылымы - «Ақ жол»

Ташкенттегі қазақ басылымы - «Ақ жол»
жеке
блог

Қырғызша – қазақша  аптасына екі рет шығып тұрған, «Жаңа өріс» газетінің ресми жалғасы ьъбболған бұл газеттің тарихы өзге газеттерден ерек. XX ғасырдың алғаш ширегіндегі көрермен көзайымы болған Ташкент басылымдары жарқ еткен. «Жаңа өріс» газетінің жалғасы, оқырман көзайымы – «Ақ жол» газеті жайлы сөз қозғаймыз.

   1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-іне дейін «Жаңа өріс» деген атпен шығып отырған. Ресми жалғасы болып қабылданып, «Ақ жол» газеті шыға бастады. Газеттің алғашқы редакторы – Қожанов. Орташа тиражы 1800.

  Басылымда ішкі-сыртқы хабарлар, сауатсыздықты жою, әйел теңдігі, ресми бөлімі, бұйрық – жарлықтар, жастар арасында, жарнама, партия тіршілігі, партия талаптары, шаруашылық бөлімдері болды.

  Газетте сол кездегі басты мәселелер бой көтерген. Мысалы, «Кедейлер төңкерісі» 1921 жылғы 21 нөмірінде жарық көрген. Нақты көтерілетін мәселе Ресейдің дәуірінде байлардың кедейлерге жасаған зорлық – зомбылығы мен езгіге салуы кедейлердің көтеріліске шығуы жаңа өмірдің бастауы деседі. Мақала арқылы халықтың рухын көтеріп, дәрежелерін сақтауымен түйінделеді. Осы мақала аясында «ТТүркістанда өткізілген кедейлер конференциясында» 25 өкіл қатысып, мұсылман интернатының тұсауы кесіледі. Ол жерде қазірде 113 ұл мен 13 қыз бала білім алады.

  Жаңағы айтып кеткен әйел теңдігі мәселесі аясында «Қалың мал ұрлығы» мақаласында сөз қозғалады. Газеттің 1924 жылғы 13 нөмірінде; қазақ қырғыз арасында қызды мал орнына сатуға тыйым салынғалы бері бұл әдет жойылып барады. Міне, осы арқылы сол дәуірде бұл мәселеге бей-жай қарамағанын байқаймыз.

  Қоғамдағы белең алған: әйел теңдігі, шаруалар жағдайын, сонымен қоса алуан түрлі басты мәселелерді еш бүкпесіз ашып, халыққа жеткізген, қоғам айнасы – «Ақ жол» газеті.