Мұзбалақ ақын– Мұқағали

Мұзбалақ ақын– Мұқағали
жеке
блог

Хантәңірі етегі, Райымбек баба мекенінің тумасы, ақиық ақын—Мұқағали Мақатаев. XX ғасырдың 30 жылдары, нақты айтар болсақ 1931 жылы дүние есігін ашқан. Небәрі 45 жыл ғұмыр сүрген ақын туған жеріміз жайлы болсын, махаббат болсын таңдай қаққызардай жазып кеткені бәрімізге мәлім.
Жерлесімнің табиғатқа арнап шығарған өлеңдері аз емес. Жәй ғана шығарып қоймай, адам мен табиғатты байланыстыра тебіренте жырлаған. Осы орайда, Мұқаңның «Мен таулықпын» өлеңіне шамалы көз жүгіртсек.
«Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін емін ержеткенмін
Қуат алып қыранның қанатынан»- деп жырлаған Мұқаңның өлеңінен өзін таулық екенін, таудың етегінде туғанын жырлайды. Расымен, Мұқаң менің көзім көрген таулы аймақта туған. Ал біздің тауға махаббатымыз өзгелерден ерек. Табиғатпен ұштаса жазылған өлең жолдарынан ақиық ақынның туған жеріне, әсіресе тылсым табиғаттың әр бөлшегіне ғашық екенін аңғаруға болады. Тек бұл өлеңі емес «Жас қайың» өлеңі де адам мен табиғатты салыстыра байланыстырады. Біршама өлеңге көз жүргітіп қарасақ Мұқаңның суреткерлікке шебер екенін аңғара аламыз. Әрбір жанрда , яки адамды, яки табиғатты болсын қағаз бетіне өрнектеп шығады.
Менің ойымша, әр жас, әр адам Отанын оның әрбір бөлшегін, табиғатын сүю қажет. Ойымды қорыта келе, Мақатаевтың түрлі жанрда өмір құбылыстарын тереңдік, биіктік және кеңістік өлшемдері арқылы бейнелеуге бейім болғанын аңғардық. Оның асыл мұрасын бүгіннен ертеңге, болашаққа үлкен мұра болып отыр. Осы мұраны әлемге әйгілі ететін, жолын жалғайтын, біз– өскелең ұрпақ!