ШҚО-да бірнеше ауылдың медициналық пункттері жөнделмек

ШҚО-да бірнеше ауылдың медициналық пункттері жөнделмек
жеке
блог

«АМАNАТ» партиясы ШҚОФ жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде республикалық және өңірлік сайлауалды бағдарламаны орындауға арналған Жол картасының бірнеше бағыты бойынша бірнеше мәселе және партияның ШҚОФ жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары. қаралды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, өңірімізде медициналық мекемелер мен дәріханалар желісінің дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Шалғай ауылдардағы медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеу жұмыстары бұл партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында нақты көрсетілген. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысқан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімет ұсынды.
– 2022 жылға жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде 7 объектіге жобалар бойынша 214 453,3 мың теңге сомасында қаражат бөлінді. Аягөз ауданы бойынша Суықбұлақ кентінің және  Баршатас ауылында, Жарма ауданының Шар қаласында, Күршім ауданының Теректібұлақ және Сарыөлең ауылдарында, Тарбағатай ауданында, Катонқарағай ауданының Қызыл-Жұлдыз, Ақмарал, Өрнек ауылдарындағы медициналық пункт ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар әзірленіп, конкурстық процедуралар өткізілуде, - деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сагидуллина.