Қазақ жастарының кітапқа деген көзқарасы

Қазақ жастарының кітапқа деген көзқарасы
жеке
блог

  Біз кітапты қаншалықты оқысақ соншалықты білімді боламыз. Қаншалықты ізденіспен оқысақ көкжиегіміз де кең болмақ. Ал сол нәрсені жас кезімізден оқып, білімді, өнерді кітаптан іздер болсақ ол әрине біздің тұлға болып қалыптасуымызға септігін тигізері анық.

  Өздеріңіз білетіндей еліміздің жастары кітапты оқитыны рас. Әрине, қаншалықты деңгейде оқитынын дөп басып айта алмаймыз. Себебі, әр жастың өзіндік қызуғышылығы болады. Біреу әлем әдебиетіне қызықса, біреу қазақтың көркем әдебиетіне қызығады. Біреуі медицина мен технология жайлы кітап оқыса, кейбір жастарымыз заманауи маркетинг құралдарын кітаптан оқып, игеріп жатады.

  Байқасаңыздар қазіргі жастардың кітапқа деген көзқарасы өте жоғары деңгейде қалыптасып келе жатыр. Уақыт өткен сайын жас буынның кітап оқып отырғанын саябақта не болмаса автобуста байқаймыз. Бұл дегеніміз жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігі бар деген сөз.

  Иә өскелең ұрпақ кітап оқыған сайын өзінің ғана емес елінің болашағының дамуына өз үлесін қосады. Егер де барлығымыз кітап оқуды насихаттасақ қазіргіден де жоғары деңгей боларымызға сенімім зор!