"Қазақ" газетінде өнер, білімнің насихатталуы

«Баспасөз – халықтың көзі, тілі және құлағы»
                                                                                                                   @Ахмет Байтұрсынұлы


Сонау Тәуелсіздік жолында-ақ, қазақ зиялыларының қараңғы қазақ көгіне күн болып, халқының көзі ашық көкірегі ояу, рухы биік, білімі қарулы болғанын қалағаны бәрімізге белгілі. Ал, дәл сол сәтте, қара халыққа ақпаратты не жаңалықты жеткізіп отыру үшін бірден - бір ел арасындағы ресми құралдың «газет» екендігін ескере кеткен жөн.
Ендігі, бір ғана саны шығып өз жұмысын тоқтатқан «Қазақ» газеті жайлы не білеміз? Бұл газет Троицк қаласында 1907 жылдың 3 айы наурызда жарық көрген. Негізгі мақсаттарының бірі - кәсіп жүргізуге, шаруашылықты дамытуға, ғылымды жетік білуге үндеу болса, басты мақсаты – халықты өнер мен білімге жетелеу болатын.
Ірілі – ұсақты газеттерде басылып жүрген төл газетіміз, 1913 жылы қоғамдық – саяси аренаға қадам жасайды. Аптасына бір рет Орынбор қаласында (1915 жылы – екі рет) шығып, оның 265 (кейбір мәлімет бойынша 264) нөмірі жарыққа шықты. Газеттің таралымы үш мыңнан сегіз мың данаға дейін жеткен деседі. Қазіргі заманмен салыстыра қарасаң аз сияқты, бірақ сол замандағы ахуал тұрғысынан қарасаң бұл үлкен жетістік. Қарапайым халық арасында беделі биік болған «Қазақ» газетінің бас жазушысы, бас редакторы – Ахмет Байтұрсынұлы болса, екінші жазушысы – Міржақып Дулатұлы болған.
«Қазақ» газеті XX ғасырдың басындағы өзекті мәселелерді қозғаған. Әдебиетіміз бен мәдениетімізді һәм ұлттық құндылықтарымызды әспеттеудің арқасында, тәуелсіздік идеясының таралуына кең жол ашқан. 1905 жылдардан бастап Алаш қозғалысы жайлы айтып, бірте-бірте Алаш партиясына ұласуы, ал оның бағдарламасы «Қазақ» газетінде жариялануы осы Қазақ зиялыларының күні-түні көз ілмей тер төгуінің нәтижесінде. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты» - деп Міржақып Дулатұлы айтпақшы, сол замандағы Алаш зиялыларының арманында кеткен қазіргі тәуелсіз Қазақстанымызды бағалап, мәдениетін бірге өркендетейік!


Сейтқасымова Самал Саматқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің 1 курс студенті



Бөлісу: