Сен... Мен... Осы сәт

Сен... Мен... Осы сәт
жеке
блог

Мұндай оқиға екінің бірінің басынан өтуі де өтпеуі де мүмкін. Бірақ қандай жағдай болмасын адамның өз басына түспейінше, оны түсініп, айту оңай. Және сыртынан жаман сөздер айтып, ғайбаттау да ең жеңіл нәрсе. Кімде-кімнің басына осындай жағдай түссе қайтер екем деген сауал мазаламайтыны да белгілі. Біздің қолымыздан тек біреудің өміріне араласу ғана келеді...Тағдыры ұқсас болмаса, ішкі рухани, жан дүниесі жақын жандардың басынан кешкені...

Өмірде болған оқиғадан сыр...

...Бұл өмірде кімді кімге қосып, кімнен алшақтатыны тек Алла ғана аян. Адамның басы Алланың добы екендігін білсе, өзінікін істеп, дәлелдейтін Еңлік қазір Жаратушының әміріне мойынсұнғандай болды. Көрген жерден шыққан ол ешуақыт біреудің ала жібін аттамаған қыздардың бірі. Бір үйдің ерке қызы болса да, шектен тыс еркелеп, жаман қылықтарын өз ата-ана, бауырларына көрсеткен емес. Себебі, «Ұят болады» деген тіркес мәңгілік құлағына сіңіп қалғандай.

Есім – есімі белгілі азаматтардың бірі. Бірі оны азаматтығы үшін құрметтеп, сыйлайды. Театр әртісі болып жұмыс істейтін Есім әрдайым басты рөлдерді сомдап, көрерменнің көзайымына айналып үлгерген орта жастағы азамат. Жасы небәрі 38-де. Оның сүйкімді жары мен естияр қыз баласы бар. Ортасына сыйлы, отбасына қамқор. Оны бәрі тек жақсы қырынан ғана біледі.

Жаңа театр маусымашары... Биылғы жылы Есім жұмыс істейтін өнер ошағы өз көрермендерін жаңа туындымен қуантпақ болып, У.Шекспирдің «Гамлет» спектаклін қойып, патша көңілді көрермен қауымға ұсынды. Басты, Гамлеттің рөлін Есім сомдады. Сол кезекті қойылымнан соң Есім көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, гриммеркада үйіне кетуге дайындалып жатқан кезі еді. Сол сәтте есікті біреу тарсылдатқандай болды. Есім кім болды екен деген ниетпен есікті ашып қарап еді. Есіктің алдында қолында гүлі бар, жанары оттай, бұрымды, бойы ұзын талдырмаш қазақтың қызы тұр екен.

Ол - Есімнің өнеріне ғашық жандардың бірі Еңлік еді. Осы қойылымнан кейін өзі жеке барып, сәтті рөлімен құттықтағысы келген қыз ол үшін бір шоқ гүлін де дайындап әкелді. Гриммерканың алдында қысылмай, қымтырылмай Есімге тіл қатты:

- Аға, мен сіздің өнеріңізді бағалаушы арулардың бірі едім. Бүгін Гамлеттің рөлін ерекше сомдап, есте қалдыңыз деп ойлаймын. Сол себепті осы үлкен рөлді сәтті сомдауыңызбен құттықтап келдім. Есімім Еңлік, - деп қыз жымиды. Ал Есім үшін мұндай жағдай таңсық емес еді. Себебі, әр қойылым сайын оны құттықтаушылардың қатары көп. Бірақ, ешкім гриммеркаға келіп, жеке құттықтағаны есінде жоқ. Сол себепті Есім жас қыздың бұл әрекетіне мәз болды.

Содан Есім жас қыздан немен айналысып, қайда оқитыны жөнінде сұрады. Еңлік неге қызығып, нені армандайтынын өзінен 18 жас үлкендігі бар азаматқа айтып берді. Есім Еңліктен премьераларға жеке шақырту жіберем деп нөмірін алып қалды. Еңлік те онда тұрған ештеңе жоқ қой деп ойланды да қойды. Сөйтіп, Еңлік гүлін табыстап, үйіне мәз болып қайтты.

Ол уақыт көктемнің бас кезі еді. Күн әлі қатты жылына қоймаса да, бір жылылық сезілетін. Сондай жаймашуақ күндердің бірінде Еңліктің ұялы телефонына таңертеңгілік бір смс хаты келді. Ол күн жексебі болғасын, Еңлік енді ғана оянып, төсегінде жатқан еді. Қараса Есім ағасынан хат келіпті. Онда «Сәлем! Қалың қалай? Не істеп жатсың?» деген мәтінде хабарлама келіпті. Қыздың бойынан бір жағынан қорқынышыш билесе, бір жағынан қуаныш көңілін жібіткендей болды.

Үндемей қалғаным ұят болар деп, «Сәлеметсізбе, рахмет, жақсы! Өзіңіз қалайсыз?» деп Еңлік жауап ретінде смс хатын жолдады. Мінеки, сөйтіп, күн артынан күн өте берді. Еңлік ол кездері әдеттегіден көңілді жүрді. Университеттің үшінші курсында оқыған ол, Есіммен танысқаннан бері көңілді жүрді. Еңліктің барлық группалас достары «Мынаған бірдеңе болған» деп әзілдеп, тиісіп қоятын.

Уақыт өткен сайын Еңлік пен Есім бұрынғыдай смс хат алмаспайтын болды. Енді олар күніне 2-3 сағаттан қолдары босай қалса, телефонмен сөйлесуді әдетке айналдырды. Соңғы екі-үш айдың ішінде бұрын бірін-бірі мүлдем білмеген жандар тіптен жақын болып кетті. Еңлік Есімге бұрынғыдай аға емес өз есімімен айтып, сіздің орнына сенді қолдана бастады. «Сен» деген жай ғана сөздің өзі екі адамды соншалықты жақындастыратынын білмеген Еңлік енді Есіммен өз құрдасымен сөйлескендей әзілдеп, сырласатын.

Әрдайым Еңлік онымен сөйлескенде оның жарын да, қызы барын да ұмытып кететін. Есім де басы бос, бойдақ жігіттерше Еңлікке түрлі әңгімелер айтып, күлдірдетін. Есім оның отбасысы жайлы әңгіме айтыла бастаса, көңіл-күйі бұзылып, ол тақырыпты қозғамайықшы дегендей қабағын түйетін. Екеуі кейінірек сөйлесуді қойып, кездесуді бастады. Бір ерекшелігі, олардың сөйлесіп, кездесуі ғашықтық деуге келмес еді. Екеуінде ортақ әңгіме, қызығушылық көп. Есімді Еңлік іштей ұнатса да, үндемейтін. Күндердің бір күнін Есім Еңлікке деген өз сезімін жайып салып, орта жасқа келгенде шын ғашық болғанын айтты.

Бұл арақатынас Еңлікті бұрындары да алаңдататын. Ал қазір мәселе тіптен ушығып кеткендей болды. Не істерін білмей, әрдайым ойда жүрді. Бұрын көзі жайнап жүретін Еңліктің бүгінде көзін мұң шалған. Сол ойлар маза берер емес. Екі-үш рет Есімнің хаттарына жауап бермей, телефонын көтермей көрген еді. Сезім шіркін болмады. Сосын қайта табысып, сөйлесіп кете беретін.

- Сені кездестіруім Алланың сыйы. Мен сенен ештеңе сұрап, ешнәрсеге міндеттей алмаймын. Ертең үйленем деп те айта алмаймын. Бірақ қандай да бір мүмкіндігім болып жатса, сені тауып алам... Қалғанын уақыт көрсетер, - деген сөздерді әрдайым Есім Еңлікке айтатын.

Мұндай сөздерден Еңліктің еңсесі түсіп кететін. Бірақ Есімге ренжи алмайды. Барлығын көріп, естігесін ренжуге хақым жоқ деп есептейтін. Ондағы себеп, Есім өз жарымен 14 жыл отасса да, әлі сәбилі болмауы еді. Ал қызы болса, Есімнің ағасының перзенті болатын.

Бір жағынан Еңлік Есімді аяса, бір жағынан соншалықты сүйетінін ұққандай. Ол үшін бұл кездесу бір жағынан Алланың сыйы болса, бір жағынан сынау деп түсінді. Себебі, ол басы бос қыз болса, Есім отбасын құрған, орта жастағы азамат. Араларындағы байланысты ешкім құба құп көрмейтінін де, барлығы Еңлікті кінәлайтынын да біледі. Бірақ еш жібергісі келмейді. Жіберіп алып, Өмір бойы өкінішпен өмір сүргісі келмейді. Одан да ол осылай араласып жүре бергенді жөн көреді.

Есіммен кездескенде Еңлік үшін тек сол сәт және екеуі ғана барын біледі. Әке-шешесінің 19 жыл бойы «Ұят болады» деп берген тәрбиесі, жұрттың пікірі, Есімнің жары мен қызы барын ойламайды. Себебі, екеуі де бір кемеде бірі құласа, екіншісі де құлайды. Екеуі бір жіпке байланған, бірі үзіліп түссе, екіншісі де үзіледі.

Болашаққа жоспар құрмаса да, екеуі сағынысып, көріседі. Жастары алшақ, өскен орталары әр түрлі болса да, қалауы мен тілегі бір. Оларда тек болашаққа артқан үміт пен сенім ғана бар