Виктор Франклдың логотерапиясы

Виктор Франклдың логотерапиясы
жеке
блог

         Қазіргі әлем өзгеріске ұшырауда: пандемия біздің көз алдымызда адамдардың өмірін алып жатыр, саяси келісімдер бұзылуда, әдеттегі өмір салты жойылды. Мұндай кездерде Нацистік концлагерь абақтысында отырған кезде өмірдің мәні туралы идеяны қайта ашқан гуманистік психолог Виктор Франклдың логотерапиясы сияқты маңыздырақ нәрселерге көңіл аударған  жөн деп санаймын.

        Сонау 1946 жылы Виктор Франкл өзінің «Адамның өмірден мән іздеуі» кітабында қазіргі кезеңдегі адамға өте таныс үмітсіздік, шарасыздық сезімін сипаттаған. Холокосттан аман қалған Австриялық психоаналитик оның пациенттерінің көпшілігі «өмірдің мүлдем мағынасыз болып тұратын сезімді жеңе алмайтындығын» шағымданып айтты.

        Франкл Освенцимге, содан кейін Дахауға жіберілместен бұрын, әлдеқайда Вена психоанализ мектебінің үшінші бағыты деп аталатын тәжірибелі психотерапевт атағын ие болатын. Ол Зигмунд Фрейд пен Альфред Адлердің көзқарастарымен келіспеді және біріншінің «рахаттану еркі» туралы теориясын да, екіншісінің - «билікке деген ерік» деген теориясын да жоққа шығарды. Ол «өмірдің мәнін іздеу –  адам өмірінің негізгі мотивациясы, - деп жазады.

        Франкл әдебиеттің, өнердің, діннің және өмірдің мәнін табуға көмектесетін мағынаға баса назар аударатын басқа мәдени құбылыстардың құндылығын растады. Ол өзі жасаған логотерапия деп атаған терапиялық әдіс бойынша өмірдің мәнін табуға деген ұмтылыс адамның негізгі мотивациялық күші болып табылатынын айтты. Франкл адам әртүрлі қиындықтарды немесе жақынын жоғалтуларды еңсере алады деп есептеді; бірақ оның өмірі мағынасын жойса,  онда ол құриды.

        Освенцимге дейін Виктор Франкл Ротшильд ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі болған. Освенцимде ол жай ғана «119104 нөміріне» айналды. Франкл өзімен бірге кітаптың қолжазбасын заңсыз алып өтпек болғанда, оны жоғалтып алып, жадынан қалпына келтіруге мәжбүр болды. Ол өз білімін басқа тұтқындарға психологиялық көмек көрсетуге жұмсады және мұны өмірдің мәні деп санады. Осы әңгімелер барысында жасаған тұжырымдары оның гуманистік психологиясына негіз болды.

        Кітаптағы ең бір маңызды үзінділердің бірі «болашағына сенімін жоғалтқан тұтқынның ажалы жақын» деген тұжырым болды. Франкл концлагерьде өз-өзіне қол жұмсау барлық жерде болатынын және өмір сүрудің ең жақсы мүмкіндігі ең күшті немесе ең сау тұтқындар үшін емес, азап шегетініне қарамастан, өмір сүрудің мәнін таба алатындар үшін екенін еске алды. Кейбір тұтқындар «бай ішкі өмір мен рухани еркіндікте айналадағы қорқыныштан пана таба алды». Бұл оларға лагерь өміріне төтеп беруге көмектесті.

        Кітаптың ең есте қалатын үзінділерінің бірінде Франкл бір күні жұмыстан кейін шаршаған тұтқындар казарманың еденінде демалып жатқанда, «бір жолдастың таңғажайып күн батуын көру үшін жүгіріп кіріп шақырғанын» айтады. Франкл сезіміне ерік беріп:

       «Сыртта тұрып, көктен қан қызылға дейін түсі мен пішінін үнемі өзгертіп тұратын бұлтқа толы аспанға қарадық. Біздің бейшара сұр блиндаждар осы байлықтың бәріне күрт қарама-қайшы болды, ал сулы жердегі шалшықтар жалындаған аспанды керемет қылып көрсетеді. Бірнеше минуттық үнсіздіктен кейін бір тұтқын екіншісіне: «Бұл дүние қандай керемет еді!» - деді.

        Осылай логотерапия өмірде мән болса ғана, ары қарай еш қиындыққа қарамай өмір сүруге болатынын көрсетеді. Үміт, болашаққа деген сенім, өмірдің мәні адамзатты боскеудешіліктен, мәнсіз өмір сүруден сақтайтын бірден-бір күш. Адам өзінің не үшін өмір сүріп жүргенін ұғынса ғана, барлық қиындықтарға төтеп беріп, кейбір жағдаяттардан сағы сынбай өте алады. Франклдың логотерапиясының философиялық мәні осында жатыр. Қиындықтарға ұшырап, өмірінен мән кетіп, өз-өзіне қол жұмсаудан тайынбайтын адамзат үшін логотерапия қазіргі қоғамға қажет салалардың бірі.  

Авторлар:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Жанатаев Данат Жанатайұлы

ҚазҰУ магистранттары: Даиркулова Аяжан, Сейтбекқызы Айдана.