Су жаңа суалабы шақырады

Су жаңа суалабы шақырады
жеке
блог

Қазақстан су спортынан әлем аренсына атойлап өзін таныту үшін елімізде халықаралық стандартқа сай су спортының алаңдары салынуы керек. Бүгінгі күні спорт кешендері еліміздің әр аймағында көптеп ашылып жатыр. Ол әрине қуанарлық жай, жоқ деуге аузымыз бармас. Дегеніменде жасөспірім балалардың су спорытына қызықтыра біліп, тарту мәселісіне келгенде не істеп жатырмыз?-деген сұрақты өзімізге қойып көрелік. Ия, спорт мектептерінде су спортынан үйірмелер жұмыс істейді. Ал, сол су спортына қадам басып келген балалар қандай жағдайда жаттыға алады?. Осы мәселе өзектірек деп ойлаймын.

Жастардан нәтиже талап ету үшін, алдымен жағдай туғызуды біз кейде артқа тастап қоямыз. Негізі ол дұрыс емес. Ол үшін заманауай тұрғыда кешенді су спортының алаңдары тұрғызылуы қажет. Бұл тұрғыда Алматыдағы Каркен Ахметов атындағы олимприада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжін көпке үлгі етіп айтуға болады. Бұл мектепте жасөсіпірім таланттар үшін бар жағдай жасалған. Қайсібір спорт залды алып бас сұғып қарасақ, сол спорт түріне арналған инвентарлар мен жабдықталған. Дзюдо академисы өз алдына бір төбе. Сол спорт залдарда шүмектеп терін төккен дарынды балуан Елдос Сметов олимпиаданың күмісін жеңіп алып елімізді бір қуантқаны әлі есімізде. Елдос осы киелі мектептің төл түлегі. Сонымен қатар өзге спорт түрлерінен де бұл мектеп республика бойынша топжарып үздіктер қатарында келеді. Мысалы, су спорт түрлеріне арналған су жаңа суалыбын тілге тиек етіп айтсақ. Бұл спорт түрінде осы мектептің жас қырандары халықарылқ жарыстарда ел қоржынына жүлде салып жүр. Мысалы,үстіміздегі жылы сәуір айында Ресейдің Казань қаласында үйлесімді жүзуден өткен Әлем кубогінің кезеңінде жеке, дуэт, аралас дуэт және хайлайт түріндегі сындар бойынша К.Ахметов мектеп-интернат колледждің дарынды спортшылары 7 алтын 7 қола медаль жеңіп әперген екен. Бұл жеті қыздың жеті алтыны,қоласы қазқстанда да су спорты түрінен әлемдегі үйлесімді жүзу спортында әлемдегі көшбасшы мемлекеттермен терезесі теңдей өнер көрсете алады деген сөзді білдіреді. Қыран балапанын ұясында баптайды-десек. Су спортының сүлейлерін суда шыңдап жаттықтырып аламан жарыстардан қалдырмаған абзал. Балалар жарыс арқылы өседі. Сондықтанда жас спортшылардың одан жоғары әлем, олимпиада жарыстарында табысты өнер көрсетулері үшін алдымен жағдай туғызу керек екенін жақсы білетін, К Каркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры Сейілхан Қарақов су жаңа суалыбының құрылысын жасап бітіп қолданысқа беріп отыр.

Жеткіншектерінің жеңісті жолын күні бұрыннан ойлайтын жанашыр басшы, іскер азамат Сейілхан Бақтығалйұлының тынымсыз әрекеттері жемісін алдағы уақытта сөзсіз бертініне бек сенімдімін. Өйткені қолдау,қамқорлық барда нәтиже де көп күттірмейді. Айтулы мектептеің толағай табыстары білікті басшылықтың білгір мамандарды жанына айрандай ұйыта білуден де шығар деген ойда қаласың. Айталық қазақ спортының дамуына ғылыми түрде көптеген методикалық оқу-құралдарын жазып шығарған Анатөлі Құлназаров секілді ақсамайлы ағамыз бүгінде өмірлік тәжірбесін жас дарынды спортшылармен бөлісіп, мектептің абройын көтеруге үлесін қосып жүр. Жастардың аға буыннан алары көп. Ал, енді су жаңа суалыбының бүгінгі көрінісіне қайта оралсақ. Кезінде тозығы жетіп, суы тазарып көрмеген суалыбы бүгінде түгелдей құрылысы жаңарып, жаңа заманға сай жаңа технологиялық тазарту құбырлары қойылған екен.

Су автоматты түрде тазартылып, адам денсаулығы үшін пайдалы қоспалар қосылып суалыбы тау суындай мөлдір таза күйге енген. Қазіргі күні енді ғана қолданысқа берілгелі отырған су жаңа бұл орын халықаралық стандартқа сай спорт алаңына айналғалы тұр. Көрсең көздің жауын алатын бұл суалыбында су добы, жүзу, үйлесімді жүзу секілді спорт түрлерінен жас таланттар қуана суға сүңгіп жаттығуларын жақсы көңіл күймен жалғастыратын болады. Бұл жерде жаттығатын спортышлар жеңістерден көрінбеуі мүмкін емес. Өйткені, судың өзі –кел,түс,сүңгі жүз,жалықпа жас өрен –деп шақырып тұрғандай.


Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ