Химиялық элементтердің әлемінде.

Химиялық элементтердің әлемінде.
жеке
блог

Химиялық элементтердің әлемінде.

 

 Барлық химиялық элементтер кәдуілгі адамдар секілді басқа жақтарға саяхат жасайды. Бір артықшылығы  олардың саяхаттау мүмкіндігі адамға қарағанда әлдеқайда көп. Себебі олар  Тәңірі тағаланың жасап қойған табиғаттағы таңғажайып көліктердің бәрін пайдаланып жүре беруге ерікті.   Сөйте тұра адамның да жасаған көліктерін мініп жүре беруге құқылы.  Табиғатта химиялық элементтер жер қыртысында магматикалық ерітінділермен қосылып, қыдырып жүреді. Ал жер бетінде  тау-тас  сынықтарының құрамында,  қала берді судың асты мен үстінде және тірі организімдердің денесінде жүре береді.

         Олардың алаңсыз қыдырып,серуен қылуына  адам баласы тағамдар жеу арқылы жақсы жағдай жасайды.  Қала берді түрлі өндіріс ошақтарын ашып, олардың ауысып отыруына  жәрдем қылады.  Адамның арқасында олар ғарышқа ұшып, тіпті керек десең бөтен планеталарға да қыдырып бара алады. 

          Әдетте саяхатшылар саяхат жасағанда әр жерде дем алып, көлігін ауыстырып мінеді.   Олар да дәл осылай орта жолда көлік жаңалап, ат ауыстырып  отырады. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында Жапонияның  Миномата қаласында  аты жаман ауру тарайды. Жүздеген адам   сол сырқаттан опат болды. Сырқаттың  себебін анықтағанда бәленің бәрін бастаған қаңғыбас сынаптар екен. Жер  астында тыныш жатқан сынаптар  қазылған рудалармен бірге  заводқа кеп түскен. Сосын сол жерде кәдеге жаратылған.  Заттар тозығы жетіп, қирағанда  қалдыққа тасталады. Олар да   қалдықтармен бірге  теңіз суларына кеп түскен. Теңіздегі  сынаптар балықтың  асқазанына түсіп, енді өлі емес тірі  организімнің құрамында  қызықты сапарын  жалғап кете береді.  Сынап жеген байғұс балықтарды ұстап алған адамдар оларды қуана-қуана қазанға салып қуырып, қарын тойдырады.   Енді сынаптар  балықтың ішінен адам денесіне жол тартады. Сынап жеген адам қай бір оңсын. Көп уақыт өтпей соның  кесірінен  көп кісі ажал табады.

         Әдетте  жолаушыны   көптеген кедергілер жарты жолда тоқтатып тастайды: қолайсыз ауа райы, билеттің болмай қалуы, апаттар. Мұндай кездерде вокзалдарда адам көбейіп, құмырсқаның илеуіндей сапырылысып кетеді. Кей кезде   сапар   мүлдем тоқтатылып, көліктер қаңтарылып құр босқа қарап тұрады.   Химиялық элементтер де дәл солай. Олар да кейде кедергілерге ұшырап, жылжи алмай бір орында жатып қалады. Оны  геохимиялық барьерлер дейді. Алла тағаланың әмірімен  қаңғыбас элементтер  бір жерге еріксіз жиналып, тасқа, топыраққа не болмаса тірі организімге ұйып, жұмылып жұмбаздалып   қалады. 

Алысқа сапар шегіп, жол жүрудің тағы бір жазылмаған заңы жолға өзіңмен бірге көңілің қалаған кісіні ерте шығу. Жалғыз жүргеннен көрі көңілді достарыңмен топырлап жүрген әлдеқайда қызық емес пе?! Химиялық элементтер де өзіне серік қып басқа да элементтерді қасына ертіп алады. Кейбір элементтер керісінше    серуенге ешқашан бірге  шықпайды екен.

Химиялық элементтердің жер бетінде тірі организімдермен қыдырып жүруін биогенді миграция деп атайды. Олардың осы жер бетінде жүріп тұруына тірі мақұлықтардың бәрі түгелдей ат салысады. Тіпті көзге көрінбейтін ең кішкентай бактериялар бұл міндеттен құтылмайды.  Организімдер оларды ауамен де  сумен де, топырақтың астымен де тынымсыз таси береді.

Мұндай элемент тасығыш көліктердің ең күштісі   шегірткелер. Олар егіс алқаптарына миллиондап ұшып келіп, санаулы сағаттардың ішінде пәленбей гектар жердің шөп-шаламын тып-типыл қып, жеп тастайды.  Сосын шөптің құрамындағы сан алуан  элементтерді денелеріне сіңіріп, ауыр салмақпен  басқа жаққа  ауады. Барлық шегіркенің салмағын қосар болса онда олар тонна тонна уаыр жүкке айналған болар еді. Бұларды қарапайым тілмен айтқанда қойны қоншы элементке толған ауыр таулардың қанат байлап   ұшқаны секілді қызық құбылыс.

Ал элементтерді жер асты арқылы жауын құттар мен көртышқандар тасиды.  Ал жердің тереңінде оларды арнайы бактериялар тасып жүреді.

Ал кен қазатын орындардың маңайындағы ауа, суларда химиялық элементтер көбейіп кетеді. Олар шамадан тыс көбейіп кетсе адам ден саулығына зиян қылады. Сол себепті Құдіреті күшніт Құдай тағла өсімдіктердің бойына сол артық элементтерді іздеп тауып бойларына тартып алатын арнайы программа енгізіп қойған.Руда шығарылатын жердегі талдар мен шөптердің тамырынан бастап, жапырағына шейін артық элементтер тұнып тұрады.