Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бехлүл рөліндегі Кыванч Татлытуг!!!

Бехлүл рөліндегі Кыванч Татлытуг!!!

Бехлүл рөліндегі Кыванч Татлытуг!!!

Түрік актері Түркияның Адан қаласында 1983 жылдың 27 қазанында дүниеге келген. Жанұясында ол бесінші және ең кіші бала. Ана-анасы кішкентай кезінен оның бойына жетекшілік қасиетті сіңдірген және ұлдары үшін еш нәрсе аямаған. Туған қаласындағы дербес колледжде оқыған, бірақ кездейсоқ оның отбасына Стамбулға көшуге тура келеді. Кыванчтың әкесінің жүрегіне операция жасау керек болады. Бақытына орай, барлығы сәтті өтті! Жас жігіт оқуын үлкен қалада жалғастырды. Кішкентай кезінен ол баскетболмен айналысты. Және Стамбулда «Улькер Спорт» баскетбол командасының құрамына кірді. Аяғынан алған жарақаты болмаса, Кыванч кәсіби спортта жақсы мансапқа жетер еді. Бірақ, тағдыр басқаша шешті! 18 жасында өзін модель ретінде байқап көреді. Подиумдар мен журналдардың басқы беттерінде жарқырауға жігіттің бойы және европалықтарға қатты ұқсайтын бет әлпеті де келісіп тұр еді. Өз-өзіне сеніп және әсерлілігін қолдана білуде Кыванчқа анасы көмектеседі. Атап айтқанда, анасы ұлын модель ретінде кәсіби мансап құруға көндірді. Және онысы бекер болмады, бір жыл өткеннен кейін ол «Best Model of Turkey» және «Best Model of The World» сайыстарының жүлдегері атанды. Париж бен Рим подиумдарында өнер көрсетті. Алайда, осындай табыстарға қарамай, Кыванч модельдік "өмірдің" қысқа екенін және маңызды мамандық алуды түсінеді. Стамбулдағы Мәдениет университетінің коммуникация және дизайн факультетін бітіреді. Сол жерде жас жігіт дарама театрдың актерлік курсына барып жүрген бір топ жастармен танысып, өзін жаңа рөлде байқап көргісі келеді. Осылайша ол кинематограф жолында бастама алған драмалық студияның тыңдаушысы болды. Бірінші рет 24 жасында режиссер Картал Тибеттің «Американцы на Черном море» атты комедиясына түседі. Комедия жарық көргеннен кейін, оған атақты кинематографистер көңіл аудара бастайды. Жас жігітке телетоптамалаға шақыру "жауады". Ол «Эзель», «Гюмюш» және «Мезгілсіз сезім», ал былтыр «Кузей Гуней» телетоптамаларына түседі. Оны "Түріктің Бред Питі»деп атайды, ал жылтыр журналдардың оқырмандары оны Түріктің ең сексуалды актері деп мойындайды! Осымен Қазақстандық әйелдер де келісетін сияқты. "31 арнадағы" «Мезгілсіз сезім» телетоптамасында Кыванч Татлытуг басты кейіпкер Бехлүлдің рөлін сомдайды. Ол өзара сүйіспеншілік орнаған ағасының жас келіншегіне деген құмарлығының тұтқыны болады. Соңынан, актер осы рөлді сомдау оған қиын болғанын мойындайды. Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын бұл тақырыпта ол көптеген түрік көрермендерінің алдында арбағыш және жанұялық құндылықты бұзғыш ретінде көрінді. Актер топтама жарық көргеннен кейін көрерменнің махаббаты жек көрушілікке айналады деп болжамдады. Бірақ, олай болған жоқ! Дегенмен, баспасөзде кейіпкер мен актердің шын өмірін салыстыруға әрекет жасалынды. Ал, Кыванч Татлытугтың шын өмірінде бәрі мүлдем басқаша! Атақты актер, әйелдердің сүйіктісі, табысты азаматтың жанжалдарда байқалмағанына тілшілер таң қалды! Түрік халқы алдында ол құрметке ие, шулы ойын-сауық кештерінен бойын аулақ алып жүреді, тіпті өзінің әйгілі атағынан да ұялатындай. Өзінің жанұясындағыдай, жас актер жеке, үлкен отбасын армандайды. Сүйіктісінің сенімді әрі шыдамды болуын қалайды. Ал, әзірге Кыванч Татлытуг бос уақытын жұмыс пен спортқа жұмсайды. Айтпақшы, жақында американдық продюсер және режиссер Джеймс Кэмеронның өзі түрік жұлдызына қызығушылық танытқан. Ол Кыванчты жарнамадан көрген: - «Осы жігіт үнемі қозғалыста. Сымбатты, тамаша актер және жақсы сүңгігіш!». Бұл әңгіме Кэмеронның жаңа «Святилище» киносының түсірілім кезінде айтылған, сюжет бойынша сүңгуірлер су астындағы үңгірде қамалып қалады. Режиссер Татлытугпен байланысу туралы мәліметті алғаны да белгілі. Мүмкін түрік жұлдызы жақында Голливудта да жанар? Ал, әзірге Кыванч "31 арнада" Қазақстандықтардың жүректерін жаулауды жалғастыруда! «Мезгілсіз сезім», дүйсенбіден сәрсенбіге дейін сағат 20:00де!

780 0
Рейтинг: +0

Автор: 31 арна
Жазылған уақыты: 20 тамыз 2012, 14:28
Тегтер: 31 канал
Пікірлер
+0
20 тамыз 2012, 14:42

Мына Массагетке не болған???!!! Тексті шығармайды :evil:

+0
20 тамыз 2012, 15:17

ашуыңызды басыңызшы

+0
20 тамыз 2012, 14:47

енді шықты текст, "Мезгілсіз сезім" күшті жеріне келіп жатыр ғой ))) Бехлүл Бехтер мен бұрынғы қызының екі ортасында қалып қойды )) Жақсы актер өзі.

+0
20 тамыз 2012, 15:30

Текст толығымен шықпай тұр(((((

+0
20 тамыз 2012, 15:31

Бехлүл үш қыздың арасында жүр, басы айналып :roll:

+0
20 тамыз 2012, 15:38

ия, Нихалға не жоқ десеңізші, өзінің ағасындай адамға ғашық болып, артынан мысықша басып аңдиды да жүреді ))

+0
20 тамыз 2012, 16:31

:lol: :lol:

+0
20 тамыз 2012, 15:32

Енді, міне шықты!!!!!

+0
20 тамыз 2012, 15:40

Кыванч Татлытугты Джеймс Кэмеронның фильмінен көргім келуші еді

+0
20 тамыз 2012, 16:36

Құдай бұйырса, көріп қалармыз. Джеймс аға Кыванчты шақыратын ойы бар сияқты ой)))

+0
20 тамыз 2012, 16:22

оооооооо,сериалға беріліп кетіпсіздерго :)

+0
20 тамыз 2012, 17:39

Түріктің Бред Питі десе дегендей!

+0
20 тамыз 2012, 17:51

біхлүпгнқт рөлінде қрбқтпш десеңші :lol:

+0
20 тамыз 2012, 17:58

:D

+0
21 тамыз 2012, 15:23

Білмеймін, өзім онша крышам кете қойған жоқ бұл актерге.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев