«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би»
жеке
блог

«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би»

«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би»

Аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны б.з.б. үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Ол Майқы би Мəнұлы деген атпен б.з.б. 178-89 жылы өмір сүрген жəне аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (1105-1225) Шыңғыс ханның замандасы, əрі оны хан көтерген 12-бидің бірі. Парсы тарихшысы Рашид ад-Диннің «Жамиғат-тауарих» атты шығармасында Майқы би Шыңғыс ханның оң қолы, ел басқару ісіндегі ақылшысы, бас би болғаны, Жошы хан əскерінің оң қанатын басқарғаны айтылады. Кейбір халық аңыздарында Майқы бидің Орманбет би өліп, он сан ноғайлы ел бүлінгенде қазақ ұлысын құрған жəне қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-би болғандығы айтылады. Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі жəне Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы айтылады. Шежіре деректері бойынша, Ақарыстан Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі би, одан Төле би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Кейбір шежірелер Майқы биді барша үйсіннің бабасы етіп, Ұлы жүздің шежіресін содан таратады. Халықтың əдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңи қағидаға айналдыруда Майқы бидің алатын орны ерекше. Ол халық бірлігін бəрінен де жоғары қойған. «Бірліксіз – тірлік жоқ» деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дəстүрлердің де өзіндік мəн-мағынасы бар. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би түркі халықтары əлі бөлінбей тұрған кезде өмір сүріп, əділдігімен, шешендігімен жалпы түркілік қайраткер дəрежесіне көтерілген. Майқы биді өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары да өз биі деп есептейді. Бұған бидің Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтар арасына сіңісіп кетуі себеп болса керек. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған. «Майқы би айтыпты» дейтін мақал, нақылға айналып кеткен сөздер көп. Майқы би «Кімнен кім туады?» деген сұраққа былай жауап берген екен:

«Тұлпардан тұлпар туады,

Сұңқардан сұңқар туады,

Асылдан асыл туады,

Жалқаудан масыл туады,

Масылдан мал бақпас туады,

Тілазардан қылжақпас туады,

Таздан жарғақбас туады,

Сараңнан бермес туады,

Соқырдан көрмес туады,

Мылжыңнан езбе туады,

Қыдырмадан кезбе туады».

Майқы би жүздер арасында болып жататын қызу айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып жүрген. Ол әрқашан халықтың шешендік сөздері мен мақал-мәтелдеріне сүйене сөйлеген. Ол халық бірлігін бәрінен де жоғары қойған. «Бірліксіз — тірлік жоқ» деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дәстүрлердің де өзіндік мән-мағынасы бар. Оны қазақтар ғана емес, татарлар, башқұрттар, қарақалпақтар, өзбектер де өз биіміз деп есептеген. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған.

Кутлымуратова Жанель Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 www.kaznu.kz   Дінтану мамандығының студенті.

Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.