Патриоттық рух – басты құндылық

Патриоттық рух – басты құндылық
жеке
блог

Бүгін Алматы Сервис Қызмет көрсету коледжінің шаңырағында тәуелсіздігімізге 30 жыл және Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толына орай, желтоқсан ардагерлері студент жастармен кездесті.

Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы ретінде бұл жиынға ПҚ "Желтоқсан Ақиқаты" Респбуликалық қоғамының атынан менде құрметті қонақтардың қатарынан көрінген едім. Кездесу Желтоқсан қанды көтерілісінде қаза болған батырларды 1 минуттық еске алу рәсімімен басталды. Сосын желтоқсан батырлары сол саршұнақ аяз бетті қарыған азалы түнде өз бастарынан кешкен оқиғаларын кезекпен жасұрпаққа айтып беріп отырды. Жастарда желтоқсан көтерлісі туралы өткір сауалдарын қойып, тәуелсіздігімізге зор ықпал еткен бастарын ақ шалған батыр аға-апаларына құрметтері айырықша екенін байқатты.Кездесу сондай тартымды әрі әсерлі көңіл күйде өтті. Соңында ұйымдастырушылар алқасы желтоқсан ардагерлеріне арнаған құрмет граматоларын табыс етті.Осылайша жасұрпаққа тәлімі мол тартымды жиын соңына жетіп, қатысушылар естелікке суретке түсті.

Менімше,осындай кездесулер желтоқсан ардагерлері үшін маңызы өте зор деп білемін. Тәуелсіздігімзді жеңіп әперген қаhармандарды естен шығармай ізгілікті шараларға жиі шақырып тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Жауды жеңген батырды есте сақта,жеміс берген ағашты отқа жақпа-деген қанатты сөзді естен шығармаған абзал.