Атыраудың қазіргі замандағы актуалды мәселелері(проблемалары)

Атыраудың қазіргі замандағы актуалды мәселелері(проблемалары)
жеке
блог

Әрбір заттың, әрбір жердің, қандайда болмасын нысанның жағымды және жағымсыз, яғни плюстары және минустары, артықшылығы мен кемшілігі болады.Менің ойымша бұл барлығымызға да белгілі зат.

Ендеше мен өз туып өскен өлкемнің проблемалары жайлы пайымдаймын. Мен Қазақстан Республикасынық Атырау қаласында өмір сүріп келе жатырмын. Бүкіл Қазақстан бойынша ең мұнайлы өлке Атырау облысы болып табылады. Әрине, бұл өте керемет. Алайда бұл табиғи байлықтың зардабы да аз емес. Жақсы, тек экология жағынан емес , басқа да салалардан шағымдану бар. Қазіргі кезде актуалды болып жатырған проблемалар: өңірде 4 басты проблема бар. Біріншісі – экологиялық проблема. Екінші проблема – Жайық өзенінің таяздануы. Үшінші проблема - халықтың жұмыссыздығы болса, төртінші мәселе – білім сапасын арттыру. Бұны Атырау облысының әкімінің өзі растады.

Бұдан кейін Атырауды керемет қала деп ойлайсызба?

Мүмкін біреулеріңіз жоқ деуіңіз мүмкін, алайда бір бөлігі бұныммен келіспеуі мүмкін. Бұндай информацияны әркім әрқалай қабылдайды. Ал менің жауабымды жоқ деп те санауға болады. Алдымен айтып кеткенімдей әр нәрсенің плюстары да минустары да болып жатады. Сондықтан да мен үшін бұл қала ақша табу үшін керемет орта, алайда өмір сүруге ең қолайлы жер емес. Бұған қарамастан Атырау облысында 276800 адам өмір сүріп келе жатыр.

Егер менің ойым сізге ешқандай сезім мен қызығушылық тудырмаса, сіздерге дәлел көрсеткенім жөн болар. Біріншіден,экология. Мұнай компаниялары ауаға жіберетін күкірттің кесірінен қаншама адамның ұйқысы қашып, басы ауырып, өзге де түрлі ауруға шалдығатыны бірнеше рет айтылып жүр. Негізі Атырауды экологияны бұзатын 3 жер, яғни ошақ бар. Олар: біріншіcі – мұнай компаниялары,екіншісі – қаладан шыққан тұр­мыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон,үшіншісі – қаланың екі жақ шетінде орналасқан қалдық суларды төгетін булану алаңы. Қайткен күнде де өңір тұр­ғындары Атыраудағы ауаның шамадан тыс ластануына алаң­даулы. Онымен қоса жағымсыз иіске де көп шағымданып жатқаны белгілі.Екіншіден, Облыстық Статистика департаментінің хабарлауынша, жұмыспен қамтылған халық саны биылғы жылдың II тоқсанмен салыстырғанда  1814  адамға көбейіп, 319,2 мың адамды құрады.Ал III тоқсанындағы жұмыссыз халықтың саны – 16,1 мың адамды құрады. Оның ішінде 8,1 мың адам әйелдер. Ал екінші тоқсанмен салыстырақ, жұмыссыздар саны 300 адамға азайған. Бұған қарап отырсақ қаншалықты мұнайлы өлке болса да , жұмыссыздық бұл жерде де бар. Үшішіден, білімнің сапасы. Қазақстан Республикасында өткен облыстық статистика бойынша Атырау облысының орны өте нашар. Яғни, біздің облысымыз «аутсайдерлердің» қатарында. Нақтырақ айтсай ең соңғы орынның алдындағы 16 орында тұр екен. 

Баламның оқу сапасы төмендеп кеткен деп ойлағаныңызға сенімдімін.

Жоғарыда ашылған проблемаларды фактілермен дәлелдесем ше? Экологияның бұзылуын дәлелдейтін бірнеше факт айтып кетейін. Халықтың шағымданулары бойынша, қалада жағымсыз иістердің көбеюі. Мұндай жағдай шілде айында басталды. «Біз қоршаған ортаның сапасын күнделікті қадағалап отырамыз. Екі факт бар. Біріншіден, бұл қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан қатты қалдықтар полигонындағы проблема. Екіншісі - «Тухлая балка» булану алаңы», - деді Мағзұм Мирзағалиев. Келесі, атмосферадағы өзгерістер. Мұнайлы өлкенің минустары қосатын басты жағдаяттардың бірі ауа ластануы. Атырау облысы мұнайды өте көп өндіреді, сонымен қатар мұнай ауаны ластайды. Қысқаша айтсақ, көптеген үлкен мұнай өндіретін фирмалар тексеру нәтижелері көрсеткеніндей, бүгінде Атырау қаласындағы өндіріс орындарының ауаға лас қалдықтарды тарату көрсеткіштері артып, ол жылына бір мың тоннадан асып тұр. Ал, оның 0,2 пайызы ғана залалсыздандырылатыны алаңдатады. Бұл – өндірістік құрылымдардың еліміздің экологиялық заң талаптарын сақтамай отырғандықтарын көрсетеді. Дәлірек айтқанда, ірі кәсіпорындар әлі күнге тазарту құрылғыларымен жабдықталмаған. Сөйтіп, зиянды шығарындылар еш сүзгіден өтпестен ауаға таралып жатыр. Білім сапасы жайындағы факттерге келіп жеттік. Айтып кеткенімдей, статистика бойынша біз 16 орындамыз. Сідерде ешқандай сұрақ туындамауы мүмкін, ал мен таң қалып отырмын. Неліктен Нұр-Сұлтан қаласы 1 орында, ал Атырау 16 орында? Өйткені астанамыздың білім сапасы, білім беру техникасы жоғары дамып бара жатыр. Жұмыссыздық мәселесі ең көп талқыланатын мәселе. Жұмыссыздық пандемияға дейін де , пандемиядан кейін де қозғалып жатырған проблема. Негізі статистика бойынша біз жұмыссыздық төмен облыстарға жатамыз. Ол әрине керемет, бірақ-та бұл жұмыссыздық мүлдем жоқ деген сөз емес. Әсіресе пандемиядан кейін жұмыссыздық гүлдене бастады.

Осы мәселерді қарастыра отырып белгілі бір қорытындыға келдім. Біз жастар, өлкеміздің келешек ұрпағы болып, жоғалғанды жаңғыртып, барды жақсартып, өзіміз үшін жарқын болашақ қарастыру керекпіз. Болып жатқан жағдайлардың бағытымен жүре берсек, бұл өлкеде өмір сүру мүмкін емес болады. Оны барлығымыз да жақсы түсініп отырмыз.

©Канатова Айшат   

8 класс