Жарықтан қараңғылыққа

Жарықтан қараңғылыққа
жеке
блог

Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: өлмей тұрып өмірдің, ауырмай тұрып денсаулықтың, қартаймай тұрып жастықтың, кедейленбей тұрып байлықтың, көп жұмысқа тап болмай тұрып бос уақыттың қадірін біл!», – деп бұйырылады.
Ең әлсіз адам - өзін-өзі шектей алмайтын адам . Біздегі әлсіздер: темекі, ащы су мен есірткіге тәуелділігін күн санап арттыртып алып жатқандар . Ағзаны өзіне түбегейлі бағындырып алатын есірткі типтес шөптердің зияны шексіз-ақ. Бір реттен ештеңе ете қоймас» деген түсініктен басталған қате пікір адамды қараңғылыққа өзін-өзі итермелеуге түбегейлі әсер етіп,өз аяғымен қараңғы есікке кіргізеді.Кәмелет жасқа жетпеген балалар мен қыздардың бұл заттарға әуес болуы үлкен мәселе.Қалтасы көтермейтінін біле тұра түтінің көкке көтере темекі шегеді, шайтанның суын азық етіп,есірткімен улайды дағы өзін.Зиянын біледі,бірақ тұтынады.Өзінің қалауына шек қоя алмайды,шыдамайды,талпынбайды дұрыс дағдылы тұлға болып қалыптасуға. Өзімен қоса ұрпағының келешегіне залалын тигізіп үлгереді.Түптің түбі есірткі,ащы су,темекі тұтынған адамның балалары зардап шекпесе де,атадан бала бойына бір кемшілік тарайды,өз кезегінде жеті ата ішінде бір ұрпақ сал,мүгедек болып тууы әбден мүмкін болатын құбылыс.Тым болмаса ұрпағына тиер қасіретті ескерсе...
Жалпақ жұрттың бәрі емес,бірақ,темекіге әуес болар қауымның басым көпшілігі мектеп оқушылары.Жастық шақ пен балалықтан жасалған қате қызығушылық тәуелді болуға бірден-бір фактор. Темекі құрамында 4000-нан аса улы зат бар, оның тек 30-ы ғана түтінмен ілесіп сыртқа шығады.Темекі әсерінен өкпеге барған түтін ең алдымен ауыс қуысындағя сезімтал талшықтарды улап,кейіннен қанға сіңеді.Улы затқа қаныққан қан жүйке жүйе мен ми талшықтарына кері әсер беріп,асқазанды улап,келешек жүрек ауруларына жол ашады.Зерттеулер бойынша,темекіні бірнеше жағдайда қолдануы мүмкін дегег деректер бар:1)ата-анасына еліктеу,2)стресс,3)араласатын ортасы.Әлемдік деректер жарты миллиардтан астам адам темекінің құлына айналды десе,Қазақстандық дерек елімізде 6 млн ересектің темекі қолданатындығын анықтаған.Сонымен қатар,өкпесін оттегімен емес,түтінмен қоректендіретіндердің басым бөлігі ашуланшақ келеді.Темекі тастаған адамның өкпесі 24 сағат ішінде үздік нәтижелерге қарық бола алады екен.
Арақ-шайтанның ащы суы.Адамды азғырып,өзінен де өзгеден де бездіретін харам су.Отбасының бұзылуы, баланың жетімдігі, ессіздік дәл осы судығ кесіоінен орын алады өкінішті. Этиль спиртінің су қосылған қосындысы. Медициналық деректер түкке тұрғысыз ащы судың миға кесірін анықтаған.Оны пайдаланған адамның денсаулығында аса кемшілік байқала қоймас,бірақ оның баласы мен немересінің миының белгілі бір бөлігі дұрыс жұмыс жасай алмайды.Тек 4-ші ұрпақ ,алдыңғы 2 ұрпақ сусынның дәмін татпаса ғана дені сау болып туылады екен. "Ешкімге зияным жоқ","ішсем өзім ішіп жатырмын"-деп айту,өз нәпсісін,құмарлылығына қарсы тұра алмағандағы жай ғана сылтау.Жалпы, арақ-шарап ішкен адамдардың басым көпшілігі одан арылуға асықпайды.Кез-келген күн,мерекені сылтау етіп ішуге амал іздейді.Ішсе,есінен айрылады,ішпесе ашуға ерік береді.Әр күн сайын және ең ұзағы әр 3 күн сайын осы суды ағзасы қажет ететін адам" нашақорлықтың" белгілі деңгейін еңсеріп үлгереді.Көп жағдайда 1 күн ішкен адам,келесі күні "бас жазу" тәсілін қолданады,бірақ 70-110 гр орнына өте көп мөлшерде ішіп,әр күн немесе күнара ішуді әдетке айналдырады.Арақ-жүрек ауруларының негізгі себебі.Оны 10 жылдан артық қолданған тұлғаның инфаркт алу қаупі басымырақ.Қуанышты да,қиындықты да ащы сумен еңсеретіндері өкінішті.Тіпті,той тұрмақ,шамалы қонақ үшін де шайтанның суы үстелдің төрінен қойылатын болды.
Есірткі,темекі,арақ-шарапты қойған адамның ағзасындағы эволюция:
•1 күн ішінде ағза жаңа ағзаны қалыптастыруға дағдыланады
•3 күннен кейін өкпе айналасындағы тамырлар босайды
•7 күннен кейін жүрек қағысы реттеледі
•1 айдан кейін жүйке жүйе тамырлары жақсарды
•3 айдан кейін ағза-сау адамның ағзасымен бірдей деңгейге жетеді.
•9 айдан кейін темекі мен арақ зардабынан туындайтын рак ауруларының белгілері жойылады.
•1жылдан кейін ағза тәуелділікті толыққанды жоя алады,тіпті оған дейін.
Екі түрлі нығмет бар, адамдардың көбі солардың қадірін біле бермейді: Денсаулық пен бос уақыт»,- деп айтқан (Бухари, Риқақ,1). Егер адам талпынса,ол міндетті түрде жетеді.Өзін-өзі тыйса,оған ешкім кедергі емес.Ол жай ғана сылтау.Оған шектеу қоятын ешкім жоқ,кедергі ол-сол адамның өзі.Тек шынайы ниет пен айналаға деген дұрыс көзқарас керек.Жай тұлға ретінде емес,"МҰСЫЛМАН" адам ретінде қалыптасу аса маңызды.Жанұя,денсаулық,уақыт пен фәни өмір жолында өзіңді қарсғүылыққа тартпа.Қараңғыдан жарыққа....