Құрметті ҚазҰУ талапкерлеріне

Құрметті ҚазҰУ талапкерлеріне
жеке
блог

Құрметті талапкерлерге!

      Құрметті оқу бітіруші талапкерлер егер сіз ең үздік жоғары оқу орынында оқып, өзіңізді дамытқыңыз келсе, ең мықты мамандық иесі атанғыңыз келсе  біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті атаныңыз.

     Себебі, біздің оқу орнымыз- Орталық Азия мен Қазақстандағы ең үздік оқу орны.

         Сіз неге бізді таңдауыңыз қажет? Әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін ұлғайтып , даңқын асқақтатты.

     Соынмен қатар ҚазҰУ-да гуманитарлық және жаратылыстану пәні бойынша үздік мамандықтар бар. Университетімізде 20 мыңнан астам студент біліктілігі жоғары Ғылым Докторларынан дәрістер алады. Арнайы зертханамыз бен ғылыми кітапхана студенттің өзін дамытуы мен ізденуіне жоғары қолайлылық тудырады. Жыл  сайын кітапханамызға 50-60 мыңнан астам жаңа басылымдар келіп түседі. Осылайша, сіз жаңалықтардан тыс қалмай , заман ағымына сай студент бола аласыз.

     әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдері бойынша Студенттер сарайы бар бірегей жоғарғы оқу орны. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы өнерлі жастарға жол ашады.

    Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ашылған ірі спорт кешені денсаулығызды қалыпта ұстауға көмегін тигізеді.

    Студенттер үйі еліміздің өзге өңірлерінен келген студенттер үшін өте қолайлы.

    Құрметті жас түлек біздің оқу орнымызға келіп, өз мамандығыңыздың нағыз иесі атануға шақырамыз! Тәуелсіз Қазақстанымыздың мақтанышы болуыңызға тілектеспіз!