Дінтану мамандығы жайында.
жеке
блог

Дінтану мамандығы жайында.

Дінтану мамандығы жайында.
Дінтану елімізде жаңа ашылған мамандық. Бұл мамандықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.

Мамандар кәсіби қызметін мынадай салаларда іске асырады:

- Мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында;

• - ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері комитетінің қызметкерлері;

• - Дін тарихы мен теориясы, заманауи өркениеттің діни-философиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыстарында ғылыми қызметкер;

• - мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және тағы да басқа салаларда.
Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады.

Барлық оқытушылар діни білімге, діни әдет ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды.

Зайырлы ғылымның тақырыбы мен мазмұны атеистік немесе дінге қарсы емес. Университетте оқытылатын діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді.

       
             Ораз Ботагөз
              Дінтану мамандығы 3 курс
              Ғылыми жетекшісі:PhD доктор,аға оқытушы Мұқан Нұрзат