Сіз экстремизм мен терроризм ара-жігін ажырата аласыз ба?

Сіз экстремизм мен терроризм ара-жігін ажырата аласыз ба?
жеке
блог

Қазіргі замандағы заманауи өркениеттің басты қауіп-қатеріне, ең өзекті мәселелердің біріне айналған: экстремизм мен терроризим. Осы екі ұғымды білмейтін адам кем де кем болар, алайда нақты мағынасы мен ара-жігіне ешкім үңіле бермейді. Жаңалық беттерінен, теледидар мен интернет желілілерінен жиі естіп жататын ақпараттар қарап отырсақ. Осы ақпараттарға қаншалықты мән береміз? Білім деңгейіміз жетпей, өзіміз білетін ақпарат қоры аз болса не істеу керек, шынымен білуге тұрарлық ақпарат сөзіне айнала ма? Менің жауабым: әрине. Сіз экстремизм мен терроризм жайлы біліп, ара-жігін ажырата білсеңіз дінмен осы екі ұғымның қатысы жоқ екенін біліп жүресіз.

       Экстремизм ол тәртіпті мойындамау, өз пікірімен ғана әрекет етуші деген баламаны береді, толықтырсақ қандай да бір демократиядағы негізгі адами құндылықтарға, кей заңдар ережелеріне, жеке бас құқықтарына, адамдар сенімдері мен нанымдарына құрметсіздік таныту. Экстремизмнің пайда болуы, адамның надандығынан бастау алады,білімінің және діни білімінің таяздығынан, өз пікірімен ғана санасуы, басқалар пікіріне құлақ аспай, оларды түсінгісі келмеу. Әсіресе, басқа дін ұстанушыларына деген қарама-қайшылық туғызатын ойлар қалыптастыруларында, төзімсіздік таныту арқылы толеранттылықты жоққа шығару, құқыққы қайшы, адамзатқа қарсы күш қалыптастыру. Зорлық-зомбылық көрсету арқылы алауыздық туғызу, қоғамға, мемлекетке, жалпы алғанда күллі әлемге қауіп төндіру. Алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне, өмірі мен денсаулығына, құқықтары мен бастандықтарына, имани сенімдеріне қатер төндіру. Діни сананы өздерінің арам, адасқан пиғылдарымен улау.

       Ал,терроризмге келетін болсақ, «қорқыту», «үрей туғызу» деген мағынаға ие. Бұл адам санасындағы дерт деп есептесекте болады. Адамда жоғарғы сатыдағы агрессивті іс-қимыл, сана, ойлау жүйесінің қалыптасуы:  жек көру сезіміне, жандарға деген кекшілдікке,төзімсіздікке, қатігездікке алып келеді. Ой-санасының шырмауланғаны соншалық, басқа жандардың іс-әрекеті мен ойлау жүйесін өзі басқарғысы келеді, өзі не ойлап қимыл жасайды, басқасыда соны жасауға міндетті көрінеді.Осы жағдай орын алмайтын болса, жек көру сезімі тәні мен жанын бойлап, өз идеологиясын  жүргізгісі келеді. Қарсылық білдіргендерге зорлық-зомбылық көрсету арқылы, ығына көндіреді. Терроризм ақиқаты, бір дінге не болмаса, белгілі бір ұлтқа ғана тән іс-қимыл емес. 

    Білгеніміздей, экстртемизм мен терроризм әлемдегі жалпы құқық пен тәртіпті аяқ астына таптау, кешірімге тұрмайтын қылмыстық іс. Бүкіл әлемдік мәселе екенін түсіндіріп айтпасақта көзге көрініп тұр, сол үшін әлемдік мәселеге айналған бұл қатерді біліп, ұғынып, әр кез қорғаныс жүйесін іске қомып жүруіміз қажет. Діни сананы улауға жол бермеуіміз керек. Азамат пен азаматшалардың көкіректері ояу болғаны осы уақытта керекті құбылыс. Әлемдік кеселді елімізге жолатпай, бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруіміз Отанымыздың әрбір жанына байланысты, сол үшін, діни сауаттылыққа барынша мән беріп, ақыл-парасатымызды әр уақытта дамытып отыруымыз қажет.

ҚазҰУ, Дінтану мамандығы 3 курс студенті,

        Тұрсынғалиев Нұрлан,

аға оқытуш, PhD. Мұқан Нұрзат.

www.kaznu.kz