Өмір деген не?

Өмірдің өзі кино ғой кәдімгідей.Басты рөлде ойнайтын-өзіңсің.Кинода киноның сәтті шығуы актердың шеберлігіне,жақсы ойнауына байланысты ғой.Өмірде де солай.
Актер секілді ойнамассың,бірақ дәл солай өз өміріңді сүру жолында неше түрлі болып құбыласың.Көп кинода соңы "happy end"мен бітеді.
Ал сенің өміріңнің киносы ше?Бақытпен тола ма,жоқ жамандыққа тола ма,бәрі өзіңе байланысты.Себебі саған сценариийді біреу жазып бермейді,сен өзің құрасың бәрін.
Түйін:Өз "меніңді"құрар алдында тек жақсы нәрсені ойлау керек,өзіңе сену керек.Фильміңнің басты актері өзің болғанмен,массовкадағы адамдар сенімен әрдайым бірге жүрмесі белгілі.Сондықтан адам таңдау білу қажет.Сенімен шынайы,өзіңді толық қабылдай алатын адамдарға нұрыңды шаша біл. Мен саған сенемін! 



Бөлісу: