Егер Олимпиадаға қатыссам...

Егер Олимпиадаға қатыссам...
жеке
блог

ХХХ Олимпиада ойындары қазақстандықтар үшін сәтті өттіп жатыр (тфу-тфу). Бүкіл ел болып спортшылардың тілеуін тілеп, Қазақстанның атын шығарып жатқанына дән ризамыз. Кейбірімізді даңқты спортшылар арманға жетелеп, болашақ ұрпағымызды спортқа беру жайлы ойлар да пайда бола бастады. Әрбіріміз спорт жолын қумасақ та, өмірдің кейбір кезеңдерінде спорттың басын шалғанымыз бар. Қазірде сол жолда жүрген спортшылардың жеңісіне ризашылығымызды білдіріп, спорттың әдемі түрлерін жай ғана бақылағанды жақсы көреміз. Ал кейде осы Олимпиадаға қатысып, елдің мерейін үстеп етсем деп армандайтынымыз да бар.

Осындай арманшыл блогшылардың арасында "Олимпиада ойындарына қатыса алатын мүмкіндігің болса, қандай спорт түрінен қатысар едің?" деген сұраққа кішігірім сауалнама жүргізіп көрдім. Жауаптарын оқып көріңіздер:

Болат Мұхтар:

"Велосипед! Басқаны елестете алмаймын. Бірақ мектепте ұзындыққа секіруден, 100 метрге жүгіруден алдыма жан салмадым. Болатбек Винорыпаков болар едім"

Ұшқын Мейіргүл Оңғарова:


100 метрге жүгіруден. Өйткені 100 метрге жүгіру қарапайым халық түсінетін және басымдығың айқын көрінетін спорт түрі. Мысалы кейбір спорт түрлерінде төрешілердің әділетсіздігіне ештеңе істей алмайсың. Біз білетін бокста мысалы. Ал кейбір спорт түрлерін сол спортпен айналысатын адамдар ғана түсінеді, спортпен айналыспайтын жандар қалай жеңіп, қалай жеңіліп жатқандарын ұғып болмайды. Мысалы синхроншылар. Ал 100 метрге жүгіру дәл қазір ең әділ өтетін  спорт түрлерінің бірі секілді көрінеді ))

Алдан Жылгелді:

" Қатыса алатын болсам, жүзуден қатысар едім. Әттең, жүзе білмеймін... ))))))))))"

Эльвира Ергалина:

"Қызық сұрақ... Бала кезімнен спортпен тыныстап, түрін таңдауға мүмкіндік берілсе, жеңіл атлетикадан қатысар ем. Оңай көрінгенмен, күнделікті өз қиындығы бар. Сымбатымды сақтап қалу үшін таңдайтын шығармын)".

Руслан Еділханов:

Биіктікке секіру :)) немесе сырықпен, Исинбаевамен жарысу :)) ең қолымнан келмейтіні осы :))

Назгүл Қожабекова:

"Синхронды жүзуден қатысар едім. Әдемі. Үйлесімді. Жарасымды. Адам мүмкіншіліктерінің шегіне жеткен спорт түрі деп есептеймін. Суда сурет салу әркімнің қолынан келе бермейді."

Өркен Кенжебек:

"Таэквондодан қатысар едім".

Нұрзия Атаева:

"Ауыр атлетикадан қатысар едім, өте қызықты, нағыз еңбекті қажет етеді, қазақтың қызы шықса ауыр атлет деп армандап қоямын )) Манеза, Зульфия, Светаларға қызығып жүрмін)) жандарым сол менің".

Қуаныш Мағзуов:

"Таэквондо спорты бойынша қатысар едім. Алтыншы сыныптан бастап, мектеп бітіргенше осы спорт түрімен айналыстым. Қызыл белбеуге дейін жеттім. Шығыс жекпе-жектерінің ішіндегі таза және әдемі спорт түрі болғандықтан оны Олимпиада спорттарының қатары енгізілді."

Әйгерім Кеулімжай:

"Командалық жарыстар көбірек ұнайды. Себебі топпен жүрсең, қорқыныш та азырақ, психологиялық тұрғыдан қауіпсіз :) Баскетболдан қатысар едім, мысалы. Мектепте оқып жүргенде баскетболды жақсы көретінмін, тіпті секциясына барып, бірнеше рет қалалық жарыстарға да қатысып көрдім. Корзинаға доп түскендегі ләззатты айтып жеткізе алмайсың ))"

Қайыржан Наурзалиев:

"Егер маған Олимпиада ойындарына қатысу бақыты маңдайыма жазылатын болса, ойланбастан велоспортқа қатысар ем. Былай қарасаң түк қиындығы жоқ, педальді крутитьтағанның несі қиын))) Басыңда каска мен шөлмегіңде су болса болды. Кім білед Винокуров құсап 40 жасымда алқа тағынып, шіреніп жүретін бе едіім?"

Сандуғаш Әлімжанова:

"Егер мен олимпиадаға қатыса алсам, жеңіл атлетиканы таңдар едім."

Данияр Закираев:

"Әлбетте бокс. Неге?.. Боксты өзім нағыз ерлер спорты санаймын. Белден төмен ұрмау, сұлап жатқанды ұрмау деген секілді қағидалары ұнайды... және де біздің қазақ табиғатына сай. Қазақтардың табиғаты командалық ойындар емес, жеке дара ойын түрлері оның ішінде бокс, күрес секілді ойындарға келетін секілді. Оны өтіп жатқан спорттық шаралар, олимпиадалардан да байқауға болады. Сондықтан.. Бокс.. Тек қана бокс!"

Мақпал Шайхистамова:

"Таэквондо немесе дзюдо. Негізі спортқа жоқпын ғой, бірақ кішкентай кезімнен арманым таэквондоға қатысу болатын. Ағаларым қатысқанда соларға қарап жаттығатынмын".

Жалғас Ертай:

"Адам өзі істей алмайтын нәрсені көруге, өзі ешқашан істемейтін затты көріп, таңырқауға құмар болғандықтан, ауыр атлетикаға барған болар едім. Дәл сол сияқты - жеңіл атлетика. Ал жүзуге тек ол спорттың әдемі болғандығы үшін барамын."

Марал Ерман:

"Жүзуден шығар. Көргенде қатты қызығамын. Солай жүзе алсам ғой деп. Оның үстіне жүзудің денсаулыққа пайдасы зор".

Азиз Оразбаев:

"Футболға қатысар едім. Жаным соған жақын. Спорттың бәрі бір төбе, футболым бір төбе. Одан бөлек, боксты да жаным сүйеді. Егер боксшы болсам, қазір Қанат Әбутәліпов немесе Ғани Жайлауовтың салмағында өнер көрсетер едім"

Айнара Байжан:

"Велосипед айдауға! Қазірдің өзінде жақсы айдаймын. Машинамен жарысам аж))"

Айсұлтан Жақыпов:

"Бұрындары төбелеске бір иығымды беріп тұратын едім, егер дал қазір саналы түрде ойлап қайсысына барар едің десе, нысана көздеу немесе велоспортты таңдар ма едім. Себебі, бокста менсіз де қаракөздер жеткілікті".

Жарқын Түсіпбекұлы:

"Мен зілтемір көтеретін едім деп артық айтпай-ақ қояйын:) Дегенмен, егер ондай мүмкіндік берілсе, таэквон-додан хабарым болғандықтан жекпе-жектің осы түрінен бақ сынап көретін едім. Бізде бұл спорт түрі дамымаған ғой. Тэеквондо деп те айтылатын шығыс жекпе-жегі Олипиада ойындарының санатына енгізілгеніне де көп болған жоқ. Қателеспесем 2000 жылы Сиднейде өткен 4 жылдықта алғаш рет бәсекелер өткізілді. Бұл менің осы спорт түріне қатты қызығып, күндіз-түні тер төгіп жүрген кезім еді. Тәп-тәуір өнер көрсетіп келе жатқан едім. Алайда Сабониге қолдау болмады, ата-анам да қарсы болды. Әзірге бұл спорт түрі олимпиада барысында дәл бокс пен күрес сияқты кең тарала қойған жоқ. Оның үстіне бізде мықтылар аз. осы олқылықтың орнын толтыруға үлес қосатын едім. Бейжіңдегі олимпиялық ойындарда А. Шылманов қазақтың көк туын желбіретті. Бұл да жетістік. Алайда оған қол жүлдені Алланың өзі сыйлай салды десек те болады. Бірақ бұл жеңіс талай жасты тәрбиелеуге өз үлесін қосты."

Әйгерім Сматуллаева:

"Көркем гимнастика. Әлия Юсупованың шәкірті болғым келеді. Дәл сол кісі секілді биіктерді бағындыруды армандаймын. Спорттың бұл түрін таңдаған себебім, таэквонды, бокс, воллейболға қарағанда, қыз баласы үшін ең ыңғайлы әрі пайдалы спорттың түрі деп санаймын. Спорт қана емес, өнер десе де болады"

Абай Отар:

"Олимпиадаға футболдан қатысқым келеді. Яғни, біздің Қазақстан құрамасының сапында доп тепсем деймін. Мүмкін, бұның бәрі менің футбол едсе ішкен асымды жерге қоятыныммен байланысты шығар. Мысалы, Лондон Олимпиадасына футболшы ретінде барғанда Неймар, Хорди Альба, Хави Мартинес сынды футбол "жұлдыздарына" қарсы доп тепкен болар едім. Әрине, бұның бәрі қиял ғана ғой. Тіпті, Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасын сараптау сынына да қатыспайды."

Нұрберген Мақым:

"Осы Лондон олимпиадасындағы қазақ спортшыларының жеңісінен соңғы жалпыхалықтық қуанышты, шынайы қуанышты көргенде, бойда қызық бір назымдар пайда болды. Егер, мен де спортшы болғанда, мен де құрама сапында болғанда елге осындай қуаныш сыйласам ғой, деген іспетті. Егер, мен спортшы болып, және ол спорт түрінен ҚР құрамасы сапына ілікен болсам, ол спорт түрлері не күрес, не жүзу болар еді деп ойлаймын, өзім. Дұрысы, қиялдаймын. Кішкентайымда тұрақсыздығымнан болар спорттың түр-түрімен айналыстым. Тастап кетіп, қайта келген кездерім болды. Солардың бірі - күрес. Еркін күрес. Айтарлықтай жетістіктерім болмаса да, осы спорт түрін ерекше ұнатамын. Сосын, жүзуді жақсы көремін. Осы екеуінен, бәлкім, Олимпиада чемпионы боп қалуым бек мүмкін ед... деп армандап қоямын)"

Еркебұлан Қайрахан:

"100 метрге жүгіру".

Сауалнама агент пен фейсбукте онлайн болған блоггерлерден алынды. :) Ал сіз қандай спорт түрін таңдар едіңіз?