Жауапсыз қалған қоңырау...

Жауапсыз қалған қоңырау...
жеке
блог

«Бұл менің әкеме соққан алғашқы, әрі соңғы қоңырауым болды. Он жылдан кейін арадағы салқындық пен өкпе ренішке қарамастан балалық көңілмен, бала жүректегі әкеге деген үлкен сенім, зор үмітпен өте көп ойлана келе қоңырау шалған едім. Бірақ сол ісім үшін дәл қазір өкініп отырмын» - деп бастады әңгімесін Бекболсын.

Сіздерге түсінікті болу үшін бұл оқиғаны басынан бастап айтайын.
Осыдан тура жиырма сегіз жыл бұрын, жарық дүниенің есігін ашыпын мыс. Ол кезде мен тұл жетім емес. Ел қатарлы әкем де, шешем де бар, өзге балалар секілді бақытты екенмін.
- Арада зымырап екі жыл өтіп, мен екі жастан бірнеше ай асқан кезімде жарықтық анам, жарық дүниеден бақиға көшіпті-білетін кісілердің айтуы бойынша.
-Анам өмірден қайтқан соң мен басқа шаңырақта тәрибеленіп өсіп ер жеттім. Қазіргі таңада мен өзім әкемін балаларым бар Аллаға шүкір.
-Дегенмен өміріңде орын алған оқиғалардан ешқайда қашып құтыла алмайсың және оны жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені ол сенің таңдырың.
-Сол қырсық тағдыр мен бейбақты бір айналдырғанда шыр айналдырғанын айтсай. Ананың аялы құшағын да еркелеп, өспеген мені өмірде алақанына салып еркелете қоймады. Бірінен соң бірін уайым мен қайғыны төгілтіп бере берді.
-Өз әурем, бір басыма молынан жететін. Уақыт өтіп жатыр, меніңде балаларым уақытпен жарысып өсіп келеді. Ал мені көрсе де көрмегенсіп, теріс қарап өтетін әкем де қартайып барады. Ол өзінің тіршілігімен әуреге түсіп жүр. Мені менен тараған балаларды ойына алмайды-ау деймін. Ұрпағын ойлаған әке болса тым құрығанда он жылда бір рет есік ашып қарайтын еді ғой, қайырылатын еді ғой.
-Мен арагідік ойлап қоямын, жалғыз өзім неге сандалып, басымды әр неге соғып жүремін. Неге менде жарыған ағайын туыс жоқ. Бұлда болса сол менің тағдырымдағы сан түрлі мәселелердің бірі болар.
Бүгін мен әкеме қоңырау шалдым, бірақ ол телефон тұтқасын көтермеді. Мен бәлкім соңғы рет хабарластым. Сіз бәлкім олай ойламассыз Әке! Сау болыңыз! Құдыретті күшті Жаратушы ием сіздің жүрегіңізге ұрпаққа деген мейіріммен иман берсін!-деп өз әңгімесін Бекболсын осылай аяқтады.
Тыңдап отырып, өне бойың шымырлайды. Түрлі тағдыр тоғысқан біркем дүние дейсің. Бұл дүниеде біреу балаға зар, ал біреу сол баладан басын алып қашып әлек. Өтпелі өмірдің бұралаң жолы адам затқа деген тосын сыйн әркез дайындап отырады.
Біз адамдар осы түрлі сынақтан барынша сынбай, шүкіршілік ете отырып алға жылжуымыз қажет сияқты. Бекболсынның тағдыры да түсінген жанға тым ауыр, ол осы ауырлықтарды өзінше жеңіп күресіп келеді. Алдағы үлкен армандарына жету үшін, алдан шыққан кедергілерді жеңіуге міндетті. Өзі үшін болмасада ұрпағы үшін міндетті.
Бұл күнде қоғам да адамда өзгерген, сен жығылып жатсаң қолтығыңнан демеп тұрғызатын жанды кезіктіру қиындау. Кешегі бауырмал, мейірімді, иманды, намысты қазақ сол заманмен бірге келмеске кетіп бара жатқандай. Келмеске деппін ғой, тарих қойнауына еніп барады аңызға айналып. Батыр да намысты бабаларыммен бірге...