ҚАЗҰУ де олимпиада чемпионымен кездесу өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Олимпиада Чемпионы Дмитрий Баландинмен жүздесті.

2016 жылы Олимпиада жеңімпазын құрметіне университетімізде Баландин атындағы бассейн ашылған еді.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен XXXI олимпиада ойындарының жеңімпазы өзі түлеп ұшқан білім ордасына ат басын бұрып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев бірлесе атқаратын жұмыстар жайлы әңгіме өрбітіп, спорт шеберіне шет елде жинаған тәлім-тәжірибесін университет қабырғасында қолдану туралы ұсыныс айтты.

Өз кезегінде жүзу спортының шебері өз атындағы бассейнге арнайы жаттықтырушылар шақырып, болашақ олимпиада жүлдегерлерін дайындауға және Баландин мектебін қалыптастыруға ниетті екенін жеткізді.



Бөлісу: