жеке
блог

ТҮННЕН БАСТАЛҒАН БІР КҮН

Ерте жаттым ұйықтауға, жігітім қоңырау шалғанға дейін азғантай болсын ұйықтап алайын деп. 11лерге таман ұйықтап қалдым. 12лерден аса жігітім қоңырау шалды. әдетке айналып қалған телефон шырылдаса оянып жауап беру. алып, жауап бердім.

- Сәлем

- Сәлем

- Қалайсын?

- Жақсы?.... әдеттегі сөздерді айтып болдық. сосын ол маған "ұйықтап қалдың ба?" деді мен "ия". "ұйықтайсың ба?"деди мен: "ия" деп қоштасып телефонды қойдық. содан кейін дым білмей ұйықтаппын.

түс көріп ұйықтап жаттым. түсімде жұмыста істейтін бір жігіт бар. соган мен енді ғашық бола бастап жүр екенмин. алдын ғашық болып, одан қиналғанымды еске алып жоқ қайта ғашық болғым келмейді деп жылайын деп жүр екенмин, шіркін-ай! (әйтсе де, ғашық болған керемет)

сол аралықта телефоным шырылдады. қарасам әншейін нөмер. қараймын таныс нөмер сияқты, алдым сөйтсем өзімнің анам екен.амандасып болған соң:

- кызымау, женгелерің үйде ме? деді

- ия. тыныштық па? - десем

- бекжан базар жанып жатыр (женгем сол жерде сауда жасайды)

- қойынызшы, рас па? - деп мен абдырадым.  сол сәтте есеңкіреп ұйқымды аша алмай жатқан мен көзім деген банка болды. Лезде женгелеримди ояттым ұйқыдан. олар да абдырап кой кұрысын.... деп базарға қарай шығып кетті. мен болса ұйқым ашылып кеткен мен де кетуім керек еді, неге қалдым деп өкіндім. өз көзіммен көргім келді. көмек керек болса көмектесер едим ғой деп бармағымды тистеп калдым. солай ұйқым келмей жатып музыканың әсерімен ұйықтап қалыппын.

Менін де анам ауыл жақта сауда жасайды. тауар алуға келген анам да сол жерде болыпты. қараңғыда шығар жол таппай сәрсен болдық дейді. бірден жарық сөніп, бірде өрт шығып жатыр деп елдің барлығы сыртқа әрең жүгіріп шығып құтылыпты. Аллаға шүкір анам және оның қасындағылар дін аман.

Содан таңғы 7 30да будильник шырылдады, тагы сол әдет сағатқа карап таң қаламын не болды деп, неше болған өзі деп содан жұмысқа баратыным есиме түсип ұшып тұрдым. жуынып, киініп , таранып, боянып жұмысқа шықтым.

Бүгінгі күнгі талқылауда жүрген тақырып Бекжан базардың жанып кетуі болып жатты барлық жерде. Жұмыста да сол, автобус ішіндегі тақырып та сол.

Жұмыста жанағы түсимде көрген жігітті көріп күлдім түсім есіме түсіп.мүмкін бұл дегени ол жігітпен жақын араласа түсетінімнің аяны шығар. не болса да білмедім,жақсылыққа жорыдым.

осылай бір күнімнің біраз оқиғасы түннен басталды.....

егер кезекті бұзсам кешіресіздер!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі