"Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында ашық сабақ өткізілді

"Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында ашық сабақ өткізілді
жеке
блог

Қоғамда көп айтыла бермейтін жастардың субмәдениеті аясында орын алып жатқан жағдайларды ескере отырып, субмәдениеттің тарихи бастамасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, "Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1 курс магистранты Сәрсебаева Рауанның, «Мәдениеттану» мамандығының 3 курс студенттерімен бірге « ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы жастар қозғалысы. Бірегейлену тәсілі » атты тақырыбы бойынша ашық сабағы 2021 жылдың 11 наурыз уақытында өткізілді.

Аталған іс-шараға 3 курс  мәдениеттанушы студенттері толығымен қатысып, өздерінің тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсете алды. Алдын ала тақырыппен танысып, іс-шара барысында тек талқылауға баса назар аударды.  Ашық сабақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Аликбаева М.Б. қадағалануымен өткізілді.

 

https://www.kaznu.kz/kz