жеке
блог

Онлайн ойындардың зардабы

Технологияның қарыштап даму заманында әлемде түрлі балаларға арналған ойындары пайда болып жатыр. Өкініштісі аулаға арналған ойындар емес көгілдір экранның арғы жағындағы онлайн ойындар. Ол ойындардың зияны қаншама, оған ешкім бас қатырып жатқан жоқ. Әйтеуір балам тыныш, мызамызды алмай ойын ойынап отыр дейміз.
Қазіргі таңда баланың дамуына кері әсер ететін ойындар көбейіп барады дейді мамандар. Иа расында да кез келген жас баланы қарасаң қолында смартфон, өмірінің бір бөлшегіне айналған онлайн ойындар.
Күн өткен сайын саны артып келе жатқан бұл ойындардың ең танымалы - Garena Free Fire. Әлемге кеңінен таралған бұл ойынға Үндістан республикасы тиым салған болатын. Дегенмен  2017 жылы шыққан ойынды жүктеушілердің саны бүгінде 500 миллионға жетіп отыр. Бұл - қазіргі уақыттың дерті онлайн ойындар екеніне дәлел. Әлемді қайтеміз, өз елімізде де таңын осы ойынмен атырып, күннің қалай батқанын байқамай қалатын балалар көбейіп келеді. Тіпті ата-аналарына қарсы шығып, отбасы есеп шотынан көптеген қаржыны ойындарға жұмсағандар да аз емес. Психологиясы әбден бұзылған балалар, кейде онлайн ойындар үшін өз отбасыларынан бас тартып, із түссіз жоғалып кеткен. Тіпті онлайн ойынға жан тәнімен берілген бір жеткіншек өз қарсыласын ойын ішінде өлтіре алмадым деп үйіне барып қылмыс жасаған.
Онлайн ойындар балалардың ойлау қабілетін жақсартады дегенмен. Қолына қару ұстатып адам өлтіруге, ұрлық пен мейірімсіздік үйрететін бұл ойындардан ешқандай жетістік көріп отырғанымыз жоқ. Керісінше біздің буыны әлі толық қатпаған балаларымызды буындырып жатқан секілді. Ендігі мәселе ойындардың балалар өміріне тигізетін зияны мен ата-ана өміріне әкелетін зардабы болмақ. "Ел боламын десең бесігіңді түзе" - дегендей, өз тыныштығымыз үшін бесіктен белі әлі шықпаған баламызға смартфон береміз деп ел тыныштығын бұзып алмайық.




Ең қызықты блогтар

Жұлдызды блогтар