Иллюминати құпиялары

Иллюминати құпиялары
жеке
блог

Өміріңізде бір рет болсын тылсым сырларға толы Иллюминати ұйымы жайлы естіген боларсыз. Иллюминати жайында әлемдегі көптеген адамдар көптеген жылдар бойы зерттеп келді. Нәтижесінде Иллюминати бұл ырымдарға, наным сенімдерге және діннің қоғамдағы рөліне қарсы көзқарастағы ұйым. Алайда соңғы уақыттарда олар мақсаттарынан тым шетке шығып кеткен. Зерттеушілердің айтуы бойынша Иллюминати ұйымының жаңа мақсаты - әлемге өз үстемдіктерін орнату.

1776 жылы мамырда Баварияда 6 адамның қатысуымен құрылып, Адам Вайшаут негізін қалаған бұл ұйымның мақсаты - адамдарың ой санасын өзгерту, дінге деген сенімге кедергі жасау. Ұйым мүшелері ұйым жайында сыртқа ақпарат шығармайтындықтарына сөз беріп, өздерінен жоғарғы деңгейдегі адамдарға тәуелді болған.

Десекте 1777 жылы Бавария билеушісі Карл Теодордың барлық құпия ұйымдарға тыйым салуымен Иллюминати ұйымы қиын жағдайға қалған болатын. 1785 жылы ұйым бөлініп,ал Иллюминати ұйымы жайлы қалған мәліметтер мен құжаттар халыққа ашық түрде жарияланды. Біраз уақыт өткен соң Иллюминати ұйымына неміс философы Георг Вильгельм мүше болуымен жойылудың аз-ақ алдында тұрған ұйымның 1787 жылы жаңа дәуірі басталды.

Бүгінде бұл ұйым жайында жәй сәйкестік пе әлде шындық па, ол жағы беймәлім - көптеген ойлар айтылады. Халықтың арасында ең көп таралған мәліметтердің бірі - 13 санын негізге ала отырып Иллюминати ұйымының әлемді басқарып отырғандығы. Әлемде ұйымға мүше 13 отбасы бар және олар әлемді басқарып отыр, бірі мұнайды, енді бірі теңіз сауда саттығын тағы басқа ірі кәсіптердің басында Иллюминати әулеттері тұр. Христиандар үшін жағымсыз 13 саны сионисттер үшін киелі сан. Сондықтанда Иллюминати ұйымы 13 әулетпен шектеледі деген ойлар айтылады.

Және зертеушілердің Иллюминати ұйымымен байланыстыратын танымал белгілер де бар. Мысалы Heavy-metal белгісі, пентаграм бұрыштары, Бафомет қошқар мүйізді адам мүсіні. Бұл белгілер көп зертеліп, халық арасында ұзақ талқыланған болса да, әлі күнге дейін Иллюминати ұйымымен байланысы жайында дәлелдер жоқ.

Иллюминати ұйымына қатысты ең қызықты болжам әлемдік сауданың көзі, құнды қағаз 1 доллармен байланысты. Яғни 1 доллардың артына қарайтын болсақ әлі толық бітпеген пирамида көресіз және бұл пирамида 12 қабат, ал ең жоғарыдағы көз әлемді көреді деп есептеледі. Сонымен бірге пирамиданың жанында 13 дана жұлдыз бар. 1 доллардың сол жақ бөлігіне назар аударсаңыз бүркіт бір қолына жебелер ұстап тұр. Жебелер саны да 13. Екінші қолына 13 зәйтүн ұстаған. Және бүркіттің жанында жазылған "бірліктен күш шығады" деген сөзде 13 әріптен тұрады. Ал Пирамиданың астына жазылған сөзге мән беретін болсақ "жаңа дәуір тәртібі" деген сөзді байқаймыз. 1 долларда бейнеленген пирамида да MDCCLXXVI деген рим сандары жазылған бір жазу бар. Бұл сандарды қосатын болсақ 1776 деген сан шығады. Ең қызықтысы - Иллюминати жоғарыда айтылғандай 1776 жылы құрылған. Осылардың барлығы сәйкестік болуы мүмкін бе? Бұл әзірге беймәлім күйінде қалуда.

Әрине, мақалада сөз болған әңгімелердің барлығы теория мен түрлі кітаптардан алынған болжамдар. Анығын уақыт өзі көрсетер, тек біз әлемде бір ғана құдай бар екенін және оның шексіз мейірімнің арқасында үнемі жақсылық жеңіске жететінін ұмытпайық.